Новости на Newstaraz.

«Тәжік Эйр» әуе компаниясының есебі бұғатталды

newstaraz.kz

«Тәжік Эйр» ұлттық әуе компаниясының банк есебі бұғатталды, деп хабарлады үкіметке қарасты Атқару қызметі. Мекеме әуе компаниясынан «Скайроуд Лизинг» литвалық компанияға тиесі 20 млн долларды өндіріп алуы керек.

Тәжікстан үкіметіне қарасты Атқару комитетінің жауапты қызметкері Шариф Нұрзоданың айтуынша, мекеме Тәжікстан Жоғарғы экономикалық сотының шешімін орындауы тиіс. «Шешімді жүзеге асыру мақсатында әуе компаниясының барлық есебі бұғатталды», деді Нұрзода.

Ұлттық әуе компаниясы осы мәселеге қатысты сауалдарға жауап беруден бас тартты. Бұның алдында «Тәжік Эйр» литвалық компанияға 20 млн доллар төлемейтінін хабарлаған.

«Тәжік Эйр» 2009 жылы Литваның «Скайроуд Лизинг» компаниясынан екі «Боинг 737-500» ұшағын лизингке алған. Мәліметтерге қарағанда, ұлттық компания ұшақтарды мақсатсыз пайдаланып, ұшақты жалға алу ақысын төлемей келген. Бұған қоса, «Тәжік Эйр» өкілі даулы іске қатысты сотқа келмеген.

Тәжік әуе компаниясының бірнеше лайнері ұсталды. Олардың бірі 2019 жылы Мәскеудегі Внуково әуежайында қаңтарылды.

«Тәжік Эйр» компаниясының дағдарысқа ұшырағанына бірнеше жыл болды. Тәжік үкіметі 2015 жылы компанияның 370 мың доллар қарызын кешірді, ал 2020 жылы тағы 2 миллион доллар берешегін өшірді. Соның өзінде «Тәжік Эйр» салық органдарына, банктерге, аэропорттарға және басқа да техникалық қызметтерге 40 миллионнан астам доллар қарыз.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »