Таулы Бадахшан оқиғасы бойынша бес адам өмір бойы түрме жазасына кесілді
Тәжікстанның Жоғарғы соты Таулы Бадахшан автоном облысынан шыққан бес адамды, оның ішінде белсенді Мунаввар Шанбиев, бұрынғы командир Толиб Айёмбеков және Имум Шоишириновты өмір бойы бас бостандығынан айырды.
Бұл туралы Азаттықтың тәжік қызметі хабарлады.
Тағы сегіз адам 10 жылдан 30 жылға дейін сотталды. Толиб Айёмбековтің жақындарының бірі журналистерге үкім 22 қарашада шыққанын хабарлады. Тәжікстан билігі бұл бойынша ешқандай пікір білдірмеді, сот отырысы жабық өткен.
Сотталғандардың бірінің ағасы оны жаппай тәртіпсіздік ұйымдстырды, заңсыз қару сақтады, адам өлтірді, тәртіпсіздік, экстремизм және бағалы тастарды заңсыз сатумен айналысу бойынша кінәлі деп тапқанын айтады. Оның сөзінше, бұл айыптардың бәрі негізсіз.
Таулы Бадахшан автоном облысында 14 мамырда наразылық акциялары басталған. Күш органдары 18 мамырда жолды жапқан адамдарды «деструктивті күштер» деп атап, оларға қарсы «антитеррорлық операция» жүргізген. Онда «сегіз содырдың көзі жойылып, 11-і жараланды» деп мәлімдеген. 220 адамның ұсталғаны айтылды.
Содан бері Тәжікстанда ондаған белсенді, журналист және блогер ұсталып, ұзақ мерзімге түрме жазасына кесілді.
newstaraz.kz