Новости на Newstaraz.

Украин астығы тиелген кеме соғыс басталғалы алғаш рет Одессадан шықты

newstaraz.kz

Иллюстративное фото

1 шілдеде таңертең Одесса портынан украин астығы тиелген кеме жолға шықты. Украинадан Қара теңіз арқылы астық экспорттау жөніндегі келісім бұның алдында Стамбұлда жасалған.

Украин астығын экспортқа алып шыққан «Разони» жүк кемесіне Сьерра-Леоне туы ілінген. Түркия қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ол 26 мың тонна жүгеріні Ливанға жеткізеді. Мәліметті кемелер қозғалысын бақылайтын MarineTraffiс сервистері арқылы растауға болады.

Одесса портынан шыққан кеме суреттері украин телеграм-арналарында жарияланды.

Бұның алдында украин медиасы Одессада бірнеше жарылыс болғанын хабарлаған. Ресми емес мәліметтерге қарағанда, украин әуе қорғанысы жүйесі қосылған, бірақ Ресейдің кем дегенде бір зымыраны Одесса аумағында жарылған. «Думская» басылымы төрт жарылыс естілгенін жазды.

Ресейдің Украинаға басып кіруінің салдарынан миллиондаған тонна азық-түлік Қара теңіздегі порттарда қалып қойды. Киев астық экспортының тоқтауына Ресейді айыптады. Мәскеу астық тиелген кемелер теңізде орнатылған украин миналарының кесірінен шыға алмай отыр деп жауап берді. БҰҰ Африка мен Азия елдеріндегі кедей елдерде аштық болуы мүмкін екенін ескертті.

22 шілдеде Ресей мен Украина өкілдері БҰҰ және Түркиямен жеке-жеке үш украин портынан астық экспорттау жөніндегі келісімге отырды. Келісімге сәйкес, жүк кемелері үшін қауіпсіз дәліз құрылады.

Украин порттарынан барлығы 25 млн тонна азық-түлік экспортқа шығады деп жоспарланған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »