Новости на Newstaraz.

Украина: Чугуев қаласында өзбек аспазының денесі қиранды астынан шығарылды

newstaraz.kz

Украинадағы Чугуев қаласында құтқарушылар 36 жастағы Сардор Хакимовтың денесін қирандыға айналған мәдениет үйінің астынан алып шықты.

Чугуев қаласы 26 шілдеде әуеден атқыланды. Өзбекстан тумасы, төрт баланың әкесі Сардор волонтер болған. Ол соғыс басталған уақыттан бері қала тұрғындары тегін палау таратып келген.

«Оның Чугаевтағылардың бәрі танитын. Бәрі Сардор Хакимов тірі қалды деп үміттенді. Оның жүзінен үнемі күлкі кетпейтін, көңілді адам еді», — дейді Харьков облысы әскери басқармасының басшысы Олег Синегубов.

Мәліметтерге қарағанда, Чугаев қаласындағы мәдениет үйіне зымыран түскен уақытта Сардор Хакимов палау басып жүрген.

Украин баспасөзінің мәліметінше, 2000 жылдан бері Хакимов Луганск облысындағы Северодонецк қаласында тұрған. 2014 жылғы соғыстан кейін ол Чугаевқа көшкен. Сол жерде ол өзбек асханасы мен дүкенін ашқан.

Ресей Украинаға басып кірген уақытта Сардор отбасын Өзбекстанға қайтарып, өзі Чугаевта қалған, жергілікті тұрғындарға ерікті түрде көмектескен.

Чугаев қаласындағы қиранды астынан тағы бір әйелдің денесі шығарылды. Екі баланың анасы Виктория Мишарина да соғыс басталғалы бері волонтер болып істеген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »