Новости на Newstaraz.

YOUTUBE-ТЕН ТҮРЛІ ВИДЕО КӨРГЕН БАЛАЛАР АШУШАҢ БОЛЫП БАРАДЫ

newstaraz.kz

Балаңыз ютубтан не қарап жүр? Мамандар «Маша мен Аю» мультфильмін, Настя, Милана сынды блогерлердің видеоларын қарап өскен бала ерке, әрі ашушаң болады дейді. Бірақ оның кері әсері қазір емес, 4-5 жылдан кейін ғана байқалады екен. Одан бөлек, шетелдің видеолары буыны қатпаған балаларды зорлық-зомбылыққа, тіпті педофилияға үгіттейтіні анықталды. Есесіне сол арқылы, блогерсымақтар миллиардтап табыс табатын көрінеді. Сонымен баланың психикасын бұзатын контенттен қалай қорғануға болады? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Баласы бар үйдің бірде-бір күні Машасыз өтпейтін шығар бүгін. Бесікте жатқан 5-6 айлық сәбиден бастап, мектеп жастағы балаларға дейін қарайды оны. Жай қарап қана қоймай, Машадай еркелейді, тірлігін қайталайды. Алайда… «А теперь добавим сюда житкости для мытья посуды. Интересно что получится» Ютубта жаңа контент қалыптастырған Настя мен Милана да Машадан қалыспайды. Біреуінің 45, өзгесінің 25 млн оқырманы бар. Камера алдында жаңа ойыншықтарын ашады, сосын солармен ата-анасымен бірге ойнайды, болды. Видеоларының дым мағынасы жоқ. Бірақ балаларға кәдімгідей ұнайды әйтеуір. САЛТАНАТ ОРАЗБЕКОВА, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ: «Мысалы американың мультфильмі «Спанч Боб» деген, ол да шықты. ол депрессивтік жағдайға

түсіреді екен балаларды көбінесе. Ешқандай қимыл жасамауға, депрессивный болуға. Қанша бала оны көрді. Ал нәтижесін қазір ғана көріп жатырмыз»

Демек, біреулердің еркелігін я тентектігін көріп өскен бала, ертең өзі де сондай тірлік жасайды. Ал айтқанын орындамаған жағдайда, біттің дей бер, жын кіргендей айқайлайды. Қарапайым мысал. «Мам, у меня остались магниты. Давай мы их заберем, неет, пойдем»

ЕРЖАН МЫРЗАБАЕВ, ПСИХОЛОГ: «Бұл жерде ата-ананың рөлі өте ерекше. Біз баланың қолына айтып атқанымыздай телефон, ютубты беріп қойып, не көрсең оны көр деп емес, баланың көруіне пайдалы болатын контент дайындауымыз керек.» Алайда мына бір контенттің қасында әлгінде айтқан Маша мен Миланаң айналайын болып қалайын деп тұр.

Так стоп, стоп… «Тут все как в настоящей операции. Сначала бреим пациента на лысо, потом ставим капельницу, вкалываем наркоз, открываем череп, и именно так выглядит менингит.» Иә, деградацияның көкесі осы шығар. Алайда, видео авторлары мұны балалар қарайды-ау деп мүлдем ойламайтын тәрізді. Бастысы қаралым көп. Сәйкесінше табысы да едәуір. Мәселен, дым мағынасы жоқ видеоларды түсіріп жүрген Милана мен Настялардың өзі, дайын болыңыз, жылына 44 млн АҚШ долларына дейін ақша табады.

Теңгеге шаққанда 16 млрд 896 млн теңге. Мұндай қаражат үшін ақымақ болып жүргендеріне де еш қымсынбайтындары анық. «Привет давай поиграем вместе, в ноую игрушку. Это штаб квартира героев в маске. Как будто кот из шрека. Я в своем репертуаре». Қалай болғанда да америкалық ғалымдардың зерттеуі тіпті жағаңызды ұстатады. Ютубтағы шетелдің кей видеолары балаларға зорлық-зомбылықты, тіпті педофилияны насихаттайтыны анықталды. Ал оның шешу жолдары әлі табылмапты. Сондықтан әзірге балам жыламаса болды деп, телефонды қолына бере салмай, оның не көріп жүргенін де бақылаудан басқа амал жоқ. Мәселен дәл қазір балаңыз не қарап жатыр?

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »