Зейнеттегі әскерилерге зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалануға рұқсат берді
Қазақстанда зейнетке шыққан әскерилерге зейнетақы қорындағы ақшаның жартысын уақытынан бұрын пайдалануға рұқсат берді.
Бұл туралы қаржы министрлігінің зейнетпен қамту орталығының басшысы Қайыржан Бимолдин Tengrinews.kz агенттігіне хабарлады.
– Әскер қызметкерінің қорында үш миллион теңге болса, ол соның бір жарым миллионын пайдалануға құқылы, — дейді Бимолдин.
Әскер қызеткерлерінің зейнетақысы мемлекеттік бюджет есебінен төленеді. Бұған дейін ол жинақ жүйесі есебінен төленіп келген.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан әскер қызметкерлерінің зейнетке шығу жасы ұлғаяд. Бимолдин мұндай өзгерісті биыл әскер қызметін бес жылға ұзартатын заң күшіне енгенімен түсіндірді.
2021 жылы билік қазақстандықтарға зейнетақы қорындағы ақшаның белгілі бір бөлігін пайдалануға рұқсат берді, бірақ қордағы ақша азаматтың жасына қарай анықталған межеден артық болуы тиіс.
newstaraz.kz