Новости на Newstaraz.

Жаңаөзенде тағы бір компания жұмысты тоқтатты

newstaraz.kz

Жаңаөзенде “Өзенмұнайгаздың” мұнай ұңғымаларын жуып тазалап, жөндеумен айналысатын “ТрубРемЦентр” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 150 жұмысшысы екі күннен бері жұмысты тоқтатып тұр. Ереуілдеген жұмысшылар жұмыс жағдайын жақсартуды, жалақыны 60%-ға өсіруді талап етеді.

Жұмысшылар қолдарына “Мекемеге модернизация жүргізілсін”, “Кәсіподақ мүшелерін қудалау тоқтатылсын”,”Мерекелік күндерге 100% төленсін”, “Жалақы 60% көтерілсін талап орындалсын!”, “ГПХ жұмысшылары штатқа алынсын” деген плакаттар көтеріп шықты. Олар 19 сәуірде Қазақстан президентіне, Маңғыстау, Жаңаөзен әкімдеріне бағытталған видео жолдау жасап, талаптарын мәлімдеген.

Мекеменің кәсіподақ ұйымы төрағасы Бақытжан Меретаманов талап айтып келе жатқандарына екінші жылға айналғанын, жұмыс беруші оған құлақ асудың орнына өздерін қудалай бастағанын айтады.

– Еңбек жағдайы өте ауыр. Он жылда бірде-бір рет жабдық жаңартылмады. 20 келі жабдықты құбыр ішіне жұмысшылар қолмен көтеріп жеткізеді. Бір ауысымда 17-18 жұмысшы 300-320 құбырды өңдеп шығуы тиіс, — дейді ол.

34 жастағы Бақытжан Меретаманов бұл мекемеде кезекші электрик болып жұмыс істейді. Ол жұмысшылар құқығын қорғағаны үшін қудаланғанын, биыл 5 наурызда Жаңаөзен қалалық сотының шешімімен өзінің құқын қорғап шыққанын айтады.

– Менен сыйақыларды алып тастаған. Соттасып жеңіп шықтым. Биыл қаңтарда хат жолдап, ескерттік. Былтыр тамызда қойылған 9 талаптың бірі де орындалмады. Биыл 19 талап қойдық. Қазір комиссия жүріп жатыр. Бірақ соған қарамастан қорқыту мен қысым көбейген соң ереуілге шығатынымызды ресми хабарладық,- дейді ол.

Бақытжан Меретамановтың айтуынша, ауыр жұмысты істегенмен жұмысшылар қолына ең көп дегенде 220-230 мың теңге, ал тазалықшылар 120-130 мың теңге айлық алады. Ол қаңтар айындағы жұмысшылар талап хатынан соң жұмыс беруші 33% сыйақы бере бастағанын, бірақ оны жұмысшылар уақытша деп сенбей отырғанын айтады.

Ал “ТрубРемЦентр” ЖШС директоры Нұрлан Ищанов жұмысшыларды “жалған ақпарат таратып жатыр” деп айыптады. Оның сөзінше, жұмысшылар жалақысы жақсы 300-400 мың теңге алады.

– Олар “нұсқаулықта солай жазылған” деп көп затты істегісі келмейді. Кейбір жабдықтарды кезінде «кедергі келтіреді» деп өздері алдырып тастаған. Біз енді зауыттан қайта сұратып жатырмыз. Арбитраж жүріп жатыр, оған жұмысшылардың бес өкілі қатысып жатыр, — деді ол Азаттыққа.

Биыл Маңғыстауда жалақыны көтеруді, жұмыс орындарын ашуды талап еткен ереуілдер жиіледі. Ақтау қаласында да ArcelorMittal Tubular Products Aktau акционерлік қоғамының жетпістен аса жұмысшысы жалақы көтеруді талап етіп, бір аптаға жуық уақыттан бері жұмысты тоқтатып, ереуілдеп тұр.

Жаңаөзен жұмыссыздарының екі айға созылған ереуілін құқық қорғау органдары таратқан. Жергілікті билік 400-ге жуық адамды жұмысқа орналасқандарын айтқанмен, жұмыс талап еткендер қатары азайған жоқ.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »