Новости на Newstaraz.

Жамбыл облысында қайтыс болған сарбаз туралы әскери прокуратура мәлімдемесіне адвокат келіспейді

newstaraz.kz

Адвокат Сержан Пірәлиев Қазақстан бас әскери прокуратурасының сарбаз өліміне қатысты таратқан мәлімдемесі «жалған» деп есептейді. Бұл туралы ол Азаттық тілшісіне айтты.

21 ақпанда Қазақстаның бас әскери прокуратурасы Жамбыл облысындағы Шөлдала шекара заставасында қайтыс болған сарбаз Бекбол Мираштың сексуал зорлық көргені туралы мәлімет расталмағанын, өз-өзіне қол салуға итермелеген болуы мүмкін деген күдікті ұсталғанын хабарлаған.

Алайда күдіктінің адвокаты Сержан Пірәлиевтің айтуынша, «сексуал зорлық көргені расталмады» деу үшін молекулалық-генетикалық сараптама қорытындысы толық шығуы керек, тергеу бітуі керек. Бірақ әлі ешқайсысы аяғына жетпеген.

«Бұған дейін жасалған молекулалық-генетикалық төрт сараптама қорытындысын қайда жібереді? Сонда шұлғауы мен аяқкиімінен басқа жерінің бәрінен (аузы, ішкиімі) табылған шәуетті қайда жіберді? Екі не одан да көп ер адамның ДНҚ-сы табылды, соның кімге тиесілі екенін іздеп жатыр. Шекара заставасында 88 әскери қызметкер болған. Оларға да сараптама тағайындады. 17 ақпанда сол заставада тағы инженерлік сапер ротасының 42 жауынгері жатқанын білдім. Оларға да молекулалық-генетикалық сараптама жасалып жатыр» деді Пірәлиев Азаттыққа.

Бас әскери прокуратура таратқан хабарламада «суицидке итермелеуі мүмкін деген адам Бекбол Мирашқа және өзге де жауынгерлерге ұдайы психологиялық қысым көрсетіп, соққыға жыққан» делінген.

Адвокат Пірәлиев бұл мәліметке де келіспейді. Оның айтуынша, Бекбол Мираштың денесінен ұрып-соғу белгілері табылмаған.

«Тергеу материалдарында бес адам түн ортасында ішімдік ішкені жазылған. Мұны бәрі мойындаған. Оның ішінде қайтыс болған жауынгер де бар. Бірақ оның қанынан алкоголь табылмады. Қазір сол кездегі төрт адам куәгер, жәбірленуші ретінде тергеліп жатыр. Олардың айтуынша, Бекбол Мираштың да, басқаларының да басынан біреу орындықпен ұрған. Бірақ мәйіттің сот-медицина сараптамасында бір ғана жарақаты бары жазылған, ол – мойнындағы белдіктің ізі. Орындықпен ұрса, басында ісік қалар еді, ондай жоқ. Куәгерлердің сөзі күмән тудырады» дейді адвокат.

Оның пайымдауынша, бас әскери прокуратура «куәгерлердің сөзін сөйлеп отыр».

«Бірақ еш дәлелсіз сөзге сеніп, әлі аяқталмаған тергеуге қорытынды жасауға болмайды» дейді Пірәлиев.

Бекбол Мираш ісін ішкі істер министрлігіндегі бас тергеу департаменті тергеп жатыр.

Ал жәбірленуші тараптың адвокаты Айман Омарова да бас әскери прокуратураның мәлімдемесімен келіспейді.

— [Әскери прокуратура] сот сараптамасының ешқандай қорытындысы шықпай жатып «зорлық-зомбылық болған жоқ» деп тұр. Сонда оларға қалай сенеміз? [Әскери прокуратура] объективті болуы керек, тергеу де әділ болуы керек . Олар тергеу бітпей жатып осылай деп отыр. Енді олар істі сотқа «зорлық-зомбылық болмады» деп жаздырып жібереді деп ойлаймын, — дейді Омарова.

Өткен айда Пірәлиев «өлген шекарашы сексуал зорлық пен бопсаға ұшыраған» деп мәлімдеген еді. Сараптама нәтижесін алға тартқан адвокат сарбаздың аузы мен ішкиімінен бірнеше ер адамның биоматериалы табылғанын хабарлаған. Осыдан кейін ішкі істер министрлігі «адвокат этиканы бұзды», «шындыққа сай келмейтін тұжырым ойлап тапты» деп айыптаған.

Қазақстаның бас әскери прокуратурасы адвокат Сержан Пірәлиевтің әрекетін арнайы қарастыратынын мәлімдеген.

2022 жылғы 19 тамызда қатардағы жауынгер Бекбол Мираштың Шөлдала шекара заставасында асылып қалғаны мәлім болған. Оның туыстарына командирлері «жүретін қызымен ұрсысып қалған соң, өз-өзіне қол салған» деп хабарлаған. Бекбол Мираштың туыстары оны әскердегі әлімжеттіктен өлді деп есептейді.

Қазақстан қорғаныс министрлігі Бекбол Мираштың өлімі «қарулы күштерге қатысы жоқ» екенін мәлімдеген. Алайда қарулы күштер қатарында өлім-жітімнің көбеюіне байланысты «әскерде кісі өліміне жол бермеу» дейтін бағдарлама қабылдаған.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »