Новости на Newstaraz.

Жезқазғандағы теміржолшылар наразылығы: компания талаптарды жартылай ғана орындауға уәде берді

newstaraz.kz

«Қазақмыс» компаниясы наразылыққа шыққан теміржолшылармен келісімге келгенін хабарлады. 1 тамызда Жезқазған қаласында «Қазақмыс» мердігері «Tranco Zhezkazgan» теміржол компаниясының жүздеген жұмысшысы митингіге шығып, жалақыны көтеруді талап еткен.

«Қазақмыс» жұмысшылар талаптарында көтерілген мәселелермен айналысатын «жұмыс тобы» құрылғанын хабарлады.

Компания мәліметінше, 2 тамызда корпорация мен аутсорсинг компаниялардағы еңбек ұжымдары өкілдерінің жиналысы болды. Онда жұмысшыларға арналған әлеуметтік пакетті жүзеге асыруға қатысты жоспар ұсынылған. Алайда жалақыны көтеру туралы айту «әзірге ерте», деп мәлімдеді компания.

Бұған қоса, «Қазақмыс» жұмыс тобының кездесулерін үнемі өткізіп тұруға, қабылданған шараларды жұмысшыларға хабарлап отыруға келіскенін хабарлады.

Жұмысшылардың айтуынша, компания талаптардың бірқатарын ғана орындауға келіскен. Айта кетерлік жайт, 2020 жылғы наразылықта айтылған уәделердің орындалмауы жұмысшыларға биыл 1 тамызда қайтадан ереуілге шығуға мәжбүрледі.

— Жалақы сол күйі қалады. Ертең бізге Теміржолшылар күніне орай сыйақы аударуға уәде берді. Рас-өтірігін көре жатармыз. Талаптардың жартысын ғана орындауға келісті: тамақ шығынын өтеу, «вахта ақысын» көтеру, әлеуметтік пакет тағайындау. Компания сөзінде тұрады деп үміттенеміз. Әзірге біз ешқандай өзгеріс көріп тұрған жоқпыз. Құрғақ уәде ғана. Күтеміз, — дейді теміржол компаниясының бір жұмысшысы Азаттыққа.

Жұмысшылар «Tranco Zhezkazgan» ЖШС құрамынан шығарып, «Қазақмыс» корпорациясына қосуды; алдыңғы келіссөздерде уағдаласқандай әр алты ай сайын жалақыны 50 пайызға көтеруді; кезекті еңбек демалысын 30 күнтізбе күніне дейін ұзартуды; жұмысшылардың өздері мен отбасы мүшелерінің әрқайсына әлеуметтік пакет беруді; іссапар қаржысы мен тәулік қаржысын көтеруді; Теміржолшылар күнінде сыйақы беруді; зиянды еңбек жағдайы үшін үстеме ақы төлеуді талап еткен.

Бұған қоса, жұмысшылар наразылыққа шыққандарды қудаламауын сұраған. Алайда, жұмысшылар 1 тамызда хабарлағандай, теміржолшылардың бірінің үйіне полицияның екі қызметкері келіп, бірқатар сауалға жауап беру үшін бөлімшеге шақырған. Жұмысшы полиция бөлімінде түсініктеме жазған соң оны үйіне қайтадан әкеп тастаған.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »