Новости на Newstaraz.

Жезқазғанда митингіге шыққан жүздеген жұмысшы компания басшылығымен келіссөзді күтіп тұр

newstaraz.kz

1 тамызда Жезқазған қаласында «Қазақмыс» компаниясының мердігері «Tranco Zhezkazgan» теміржол компаниясының жүздеген жұмысшысы митингіге шығып, компания басшылығымен кездестіруді талап етті.

Бұл – аталған компания жұмысшыларының алғашқы митингісі емес. Олар 2020 жылдың желтоқсанында да наразылық акциясына шығып, талап қойған. Ол кезде мәселені шешуге уәде беріп, жұмысшыларды шығарып салғанымен талаптарының көбі орындалмай қалған. Бұл жолы жиын тарқамай, келіссөз нәтижесін күтіп тұр.

Жұмысшылар алдына қала әкімі келді. «Қазақмыс» компаниясы басқармасының бірінші орынбасары Андрей Гайдин жұмысшыларды мәселені талқылауға шақырды.

Жұмысшылардың Азаттыққа хабарлауына қарағанда, наразылардың бір бөлігі көшеде, «Tranco Zhezkazgan» компаниясы ғимаратының алдында, ал бір бөлігі жұмыс орындарының ішінде тұр. Бірақ олар жұмысқа кіріспеген. Бастамашыл топ мүшелері келіссөз жүргізу үшін компания ғимаратына кірген. Енді жұмысшылар «Tranco» акционерлік қоғамының Алматыдағы жетекшілігін күтіп отыр.

Жұмысшылар «Tranco Zhezkazgan» ЖШС құрамынан шығарып, «Қазақмыс» корпорациясына қосуды; алдыңғы келіссөздерде уағдаласқандай әр алты ай сайын жалақыны 50 пайызға көтеруді; кезекті еңбек демалысын 30 күнтізбе күніне дейін ұзартуды; жұмысшылардың өздері мен отбасы мүшелерінің әрқайсына әлеуметтік пакет беруді; іссапар қаржысы мен тәулік қаржысын көтеруді; Теміржолшылар күнінде сыйақы беруді; зиянды еңбек жағдайы үшін үстеме ақы төлеуді талап етеді.

Жұмысшылар талап қойғаны үшін өздеріне және бастамашыл топ мүшелеріне тиіспеуді де қосымша талап етіп қойды.

— Жұмысшылардың бір бөлігі көшеде, бір бөлігі жұмыс орындарында отыр. Кейбір БАҚ бізді «тарап кетті, бәрі риза болды» деген ақпарат таратып жатыр, ол – жалған ақпарат. Жұмысшылар нақты шешім күтіп тұр. Бейбіт митингіге шығып тұрмыз, қолымызда плакат та жоқ, шуламаймыз да. Дереу прокурор келіп, жауапқа тартылуымыз мүмкін екенін айтып, сес көрсетті, не үшін? Біз де заңды білеміз. Талаптарымызды жазбаша бердік, — деді Азаттыққа «Tranco Zhezkazgan» ЖШС жұмысшыларының бірі.

Азаттық тілшісі «Қазақмыс» компаниясынан түсініктеме беруді сұраған еді, бірақ олар «Tranco Zhezkazgan» компаниясының өзіне хабарласуды ұсынды. Ал ол компания телефон тұтқасын алмады.

Бұған дейін жұмысшылардың екі белсендісін бүгін полиция усаскесіне алып кеткені туралы хабар түскен. Алайда полиция бұл ақпаратты теріске шығарды. Полиция департаментінің баспасөз қызметі «полицияның қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жұмысшыларға барғанын» растады. Ал жұмысшылар полиция әкеткен екі белсендіден хабар жоқтығын айтады.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »