Новости на Newstaraz.

Қаланың баннерлерінде – үздік жауынгерлер

Қаланың баннерлерінде – үздік жауынгерлер

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күні қарсаңында Шымкент қаласының көшелерінде мерзімді қызметтегі үздік әскери қызметшілердің суреттері бар баннерлер пайда болды.

 

Бұл жігіттер 2020 жылдың күзінде Шымкент қаласынан еліміздің Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарына шақырылып, еліміздің әр өңіріндегі әскери бөлімдерде қызмет етуде.

Әрбір баннерде әскери қызметшінің аты-жөнімен бірге, оның қай қалада, әскери бөлімде және қандай әскерде қызмет ететіні туралы ақпарат жазылған.

Қаланың қорғаныс істері жөніндегі департаментінде сарбаздарымыз өздерінің борыштарын сапалы әрі жауапкершілікпен орындап, ерлік пен батылдықтың үлгісі болып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендерін атап өтті. Олар ата-аналарының мақтанышы және басқалар үшін ең жақсы үлгі.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Translate »