Новости на Newstaraz.

Қазақстанда екі қарақалпақ белсендісінің ұсталғаны хабарланды

newstaraz.kz

Қазақстанның батысындағы Маңғыстау облысында екі қарақалпақ белсендісі ұсталды, деп хабарлады «Шырақ-2014» ақпараттық орталығына сүйенген Адам құқығын қорғау бюросы.

Ақпаратқа қарағанда, белсенділер 28 жастағы Бегдияр Халықоразов пен 26 жастағы Алпамыс Аллаяровты полиция 28 сәуірде Маңғыстау облысында типографияға «Қарақалпақтар Қарақалпақстан Республикасы аумағындағы Өзбекстан референдумына қарсы» деп жазылған баннерге тапсырыс бермек болған кезде ұстаған. Екі белсенді Қазақстан аумағында заңды тұрып, жұмыс істеп жатыр деп жазды сайт.

Әзірге ақпаратқа Маңғыстау полициясы түсініктеме бермеді.

Қарақалпақ белсенділерінің ұсталғаны туралы ақпарат 30 сәуірге белгіленген Өзбекстандағы Конституцияға өзгеріс енгізу туралы референдум қарсаңында хабарланып отыр.

Адам құқығы қорғау бюросы Қарақалпақстан астанасы Нүкісте де құқық қорғаушы Манас Қазақбаевтың қамалғанын жазды.

30 сәуірде Өзбекстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өтеді. Сарапшылар жаңа өзгерістер күшіне енсе, президент Шавкат Мирзияевтың билігі 2040 жылға дейін ұзаруы мүмкін дейді.

Былтыр шілдеде Қарақалпақстанның автономия мәртебесін өзгерту туралы ұсыныс жергілікті халық арасында қарсылыққа ұшырап, қантөгіс болған. Кемінде 21 адамның өмірін қиған қантөгістен кейін билік аталған өзгерістерден бас тартқан.

Өзбекстан туралы ақпарат тарататын кейбір тәуелсіз сайттардың жазуынша, Қарақалпақстандағы наразылық былтыр күшпен басылып-жаншылып, оған қатысушылар қуғынға ұшырап, азапталса да, қарақалпақ халқы президенттің өкілетін ұзартуға мүмкіндік беретін Конституцияға өзгерістерге қарсы.

29 сәуірде оппозициялық «Бәсе» Телеграм-арнасы Қазақстан мен Қарақалпақстан шекарасында Бейнеу жағындағы шекара бекетінде ұзын-сонар кезек пайда болғанын, «митинг болатыны» жайлы сыбыстан кейін Өзбекстан жағының Қазақстанмен шекараны «жауып тастағанын», тіпті өзбек азаматтарын елге кіргізбей жатқанын хабарлады.

Lada сайтының хабарлауынша, Қазақстан ҰҚК шекара қызметі “Тәжен” шекара бекеті істеп тұрғанын хабарлап, ұзын-сонар кезекті “Ресейге жұмысқа тұруға барғысы келетін өзбек азаматтарының көбеюімен” түсіндірген.

Былтыр Қарақалпақстандағы наразылықтан кейін Қазақстанда да Өзбекстан билігінің сұрауымен қарақалпақ белсенділерінің ұсталғаны хабарланған. Бұлар: Қошқарбай Төремұратов, Жангелді Жақсымбетов, Раиса Құдайбергенова, Зиуар Мирманбетова, Тілеубике Юлдашева. Олар қазір Қазақстанда тергеу изоляторларында отыр. Қазақстан билігі олардың босқын мәртебесін сұрау туралы өтінішін әзірге қанағаттандырмаған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »