Новости на Newstaraz.

Әскери қызметкер қазақ армиясындағы әлімжеттік жайлы айтты

newstaraz.kz

Әскери қызметкер қазақ армиясындағы әлімжеттік жайлы айтты

Бұрынғы әскери қызметкер Алматы облысындағы армияда қызмет етіп жүрген кезінде, командир тарапынан әлімжеттік болғанын мәлімдеді.

Алматы облысы Шенгелді ауылындағы 54179 әскери бөлімшесінде қызмет еткен Айғаным Елшібаеваның арызын «Не молчи» қоры жариялады.

Онда Елшібаева майордың бірі өзіне тиісіп, кемсіте бергенін айтқан.

«Майордың әлімжеттігінен кейін, стресске түсіп, денеме псориаз шығып кетті. Бұл емделмейтін аутоиммундық ауру», — дейді Елшібаева.

Әскери қызметкердің арызына қарамастан, майор тиісінше жазаға тартылмаған. Ол тек басқа әскери бөлімшеге ауыстырылған. Ал оның орнына командир етіп, майордың жақын танысын тағайындаған.

Елшібаева жаңа тағайындалған командир одан бетер әлімжеттік жасады дейді. «Ер адамдардың көзінше менің омырауымды, жыныс мүшемді ұстап, тиісе берді», — дейді Елшібаева.

Ол жергілікті әскери басқармаға шағымданғанын, бірақ олар дәлел жоқ деп, тек майормен әңгімелесу жұмысын жүргізгенін айтады.

Елшібаева «Не молчи» қорына түсірген арызында ақыр соңында өзін аттестациядан өткізбей, мерзімінен бұрын босатқанын жеткізген.

Елдің қорғаныс министрлігі арнайы комиссия құрылып, істі тексеру мақсатында Елшібаева қызметін өтеген әскери бөлімшеге жіберілгенін мәлімдеді.

«Шағымда айтылған фактілер дәлелденген жағдайда, командирлер тиісті жазасын алады», — делінген қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

Translate »