Новости на Newstaraz.

Қазақстан үкіметі шекара маңындағы ауылдарға үй салғандарға субсидия беретін болды

newstaraz.kz

Қазақстан үкіметі шекаралық аймақтарда тұрғын үйді арзандату жөніндегі жоспарын жариялады.

4 сәуірде өткен үкімет отырысында шекаралық аудандарда ауыл адамдарына жалға берілетін 2855 үй салуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Ол үшін 14,3 миллиард теңге (қазіргі бағам бойынша 31,7 миллион доллар) бөлінеді.

Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Марат Қарабаев «ауылдардағы тұрғын үй мәселесін шешу үшін өз қызметкерлеріне жалға беретін үй салған жұмыс берушілерге көмек ретінде субсидия беру механизмі іске қосылатынын» айтты.

Министрдің сөзіне қарағанда, мұнан өзге ауылдардағы жекеменшік тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін инженерлік коммуникация тартылған 22 мың жер учаскесі жыл сайын берілетін болады.

29 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шекарадағы ауылдарға қоныстанғысы келетіндерді ынталандыру үшін тұрғын үйді арзандатудың жаңа тәсілін ұйымдастыруды тапсырып, «басты мақсат — шекаралық аймақтардың экономикасына серпін беру, адам өміріне қолайлы жағдай жасау» деген.

Қазақстанда 65 шекаралық аудан бар. Көбінің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты нашар. Оған — экономика факторы мен әкімшілік-аумақтық тұрғыдан тиімсіз бөлініс жасалғаны да себеп болған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »