Новости на Newstaraz.

Қазақстанда оқу жылын бес күнге ұзартуды көздейді

newstaraz.kz

Қазақстанда оқу жылы екі аптаға ұзаруы мүмкін. Ағарту министрі жарлығының жобасында осылай делінген.

Құжатқа сәйкес, бірінші сыныптағы оқу жылы енді 35 аптаға созылады. Қолданыстағы ережеде 33 апта деп көрсетілген. Министрлік қалған сыныптарда оқитындардың оқу жылын 36 апта деп белгілеуді ұсынды (қазір 34 апта).

Жарлық жобасына сәйкес, оқу жылы аралығындағы демалыстар былайша бөлінеді:

— 1–11-сыныптар (12-сыныптар да): күзгі демалыс — жеті күн (31 қазаннан 7 қарашаға дейін), қысқы демалыс — тоғыз күн (31 желтоқсаннан 9 қаңтарға дейін), көктемгі демалыс — тоғыз күн (18 наурыздан 27 наурызға дейін);

— бірінші сыныпта оқитындарға қосымша демалыс — жеті күн (6 ақпаннан 13 ақпанға дейін).

Ағарту министрлігі жазғы демалыстың қысқаруы балалардың алдыңғы оқу жылында алған білімін ұмытпауына көмектеседі деп есептейді.

Маусым айында ағарту министрлігінің мектеп бағдарламасына түзету енгізетіні хабарланған. Оған сәйкес, қазақ мектептерінде бірінші сыныпта тек қазақ тілі, ал орыс мектептерінде қазақ және орыс тілдері оқытылмақ.

Осыған дейін қатарынан үш тіл: қазақ, орыс және ағылшын тілдері оқытылып келген. Жаңа өзгеріс бойынша қазақ мектептерінде орыс тілі – екінші сыныптан бастап, ағылшын тілі үшінші сыныптан бастап оқытыла бастайды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »