Новости на Newstaraz.

Қазақстанда жасөспірім мен жүкті әйелдерге вакцина салу басталды (видео)

newstaraz.kz

Қазақстанда белгіленген уақыттан бұрын жасөспірімдер мен жүкті және бала емізетін әйелдерге коронавирусқа қарсы вакцина салу басталды. Алдын 22 қарашада басталатыны айтылған.

Алматыда емханаларға әзірге жоғары сынып оқушылары келіп жатыр. Кезек көп емес. Көптеген ата-аналар әлі ойланып жатқанын айтады.

«Әркімнің өз таңдауы. Қазір көбі коронавирустан қайтыс болып жатыр. Мен өзім екпе салдыруға келдім», — дейді Әлішер Жанабатыров.

Жоғары сынып оқушылары емханаға екпе салдыру үшін ата-анасымен келіп жатыр.

«Мен ата-анамнан рұқсат сұрадым. Олар маған рұқсат берді. Мен Pfizer вакцинасына сенемін. Ол «Спутниктен» жеңіл», – дейді алматылық Аружан есімді оқушы.

Қазір Алматыда бір ғана емханада Pfizer вакцинасын алуға 180 адам жазылып қойыпты. Олар — жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер.

«Біз мектеп басшыларына ескерттік. Олар ата-ананың рұқсатымен екпе алғысы келетін оқушылардың тізімін жасады. Медициналық қызметкерлермен де алдын ала дайындық жұмысын жүргіздік», – дейді №5 емхананың қызметкері Динара Азимбекова.

Әзірге Pfizer вакцинасын тек Алматы қаласында салып жатыр. Келесі аптадан бастап астаналықтарға да еге бастайды. Сосын өзге өңірлерге жеткізіледі дейді. Қазақстанда әзірге Pfizer вакцинасының 380 данасы бар.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »