Новости на Newstaraz.

Қазақстанда жол апатына ұшыраған өзбекстандықтар еліне оралды

newstaraz.kz

Қазақстанның Жамбыл облысындағы автобус апатынан зардап шеккен өзбек азаматтары еліне жеткізілді. 23 жолаушының 18-і ауруханаға түскен, қалғандары үйге қайтқан. Жол апатынан үш адам қаза болғаны мәлім.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 14 мамырда таңғы сағат 5 шамасында «Нүкіс — Алматы» автобусында болған 23 жолаушы Өзбекстанға жеткізілді. Бұл туралы Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұның алдында мәлім болғандай, 13 мамырда Қазақстанға көрші елдің жұмыс тобы келген. Топтағылар Жуалы ауданының ауруханасында болды. Сол күні түнде жол апатынан зардап шеккендер автобуспен елге шықты.

Шекарада оларды жедел жәрдем көліктері күтіп тұрды. Он сегіз адам республикалық шұғыл медициналық көмек ғылыми орталығына жатқызылды, бес адам үйлеріне қайтты.

Жол апатынан қайтыс болған екі жолаушының сүйегі Бұхара және Хорезм облыстарына жіберілді. Жергілікті билік олардың отбасыларына көмектеседі.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің хабарлауынша, сенбі күні апатта зардап шеккен үшінші жолаушы көз жұмды. Марқұмның сүйегі Өзбекстанға жеткізіледі.

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған автобуста 53 жолаушы болған, олардың 47-і Өзбекстан азаматы. Апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болған деген болжам жасалды. Автобус трактор тіркемесіне соғысқан. Екі жолаушы сол жерде қайтыс болған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »