Үкімет мектепте оқу жылын ұзартып, жазғы демалысты қысқартуды көздейді
Қазақстанда оқу жылы екі аптаға ұзаруы мүмкін. Ағарту министрі жарлығының жобасында осылай делінген.
Құжатқа сәйкес, бірінші сыныптағы оқу жылы енді 35 аптаға созылады. Қолданыстағы ережеде 33 апта деп көрсетілген. Министрлік қалған сыныптарда оқитындардың оқу жылын 36 апта деп белгілеуді ұсынды (қазір 34 апта).
Жарлық жобасына сәйкес, оқу жылы аралығындағы демалыстар былайша бөлінеді:
— 1–11-сыныптар (12-сыныптар да): күзгі демалыс — жеті күн (31 қазаннан 7 қарашаға дейін), қысқы демалыс — тоғыз күн (31 желтоқсаннан 9 қаңтарға дейін), көктемгі демалыс — тоғыз күн (18 наурыздан 27 наурызға дейін);
— бірінші сыныпта оқитындарға қосымша демалыс — жеті күн (6 ақпаннан 13 ақпанға дейін).
Бұған қоса, ағарту министрлігі жазғы демалыстың қысқаруы балардың алдыңғы оқу жылында алған білімін ұмытпауына көмектеседі деп есептейді.
newstaraz.kz