Новости на Newstaraz.

ҰҚК Украинадағы соғысқа қатысқан 10 адамның ісін тергеп жатыр

newstaraz.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Украинадағы соғысқа қатысқан 10 қазақстандықтың ісін тергеп жатыр. Бұл жөнінде ҰҚК-ның ресми жауабына сүйенген «Курсив» басылымы жазды.

ҰҚК ресми жауабында тергеліп жатқан адамдар туралы мәлімет бермеген. Комитет 2022 жылы 24 ақпаннан кейін қанша Қазақстан азаматының Украинаға кеткені туралы да сұраққа жауап бермеген.

Сәуір айында Al Jazeera-ға берген сұхбатында Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко қақтығысқа қатысып жатқан қазақтар туралы сұраққа “Кейбір оқиғаларды естідім… Шетелдегі соғысқа қатысу заңға қайшы” деп жауап берген еді.

Ол сұхбатта Қазақстан Украинаның Ресей аннексиялап алғанын аумақтарын мойындамайтынын мәлімдеген.

Дегенмен вице-министр Қазақстан көпвекторлы саяясат ұстанатынын, «Ресей, Қытай, Батыспен жақсы қатынас» орнататынын атап өткен.

Бұған дейін Украинадағы соғыста ресейліктер жағында да, украин жағында да қазақтар соғысып жүргені туралы хабар болған. Алайда олардың саны туралы мәлімет жоқ.

Наурызда Семейде ресейлік «Вагнер» жалдамалы әскер тобының қатарында Украинадағы соғысқа қатысқан тағы бір қазақстандық жерленген. Ақпанда Азаттық Ресей үшін соғысуға кетіп, майданда қаза тапқан қарағандылық екі азамат туралы жазған. Туыстары олардың ерікті түрде соғысқа баруын «ақша табу үшін және идеологиялық көзқарасына байланысты» деп түсіндіреді.

Былтыр ресейлік компаниялар орыс әскері басып алған Украинаның Мариуполь қаласын қалпына келтіру үшін Орталық Азия елдері, оның ішінде Қазақстаннан да жұмысшыларды тартып жатқаны белгілі болған. ​

Ресейге тәуелді Қазақстан Ресейдің Украинаға басқыншылығын ашық айыптаған жоқ. Бірақ Украинаның аумақтық тұтастығын қолдайтынын, Украинаның шығысындағы сепаратистік құрылымдарды мойындамайтынын айтқан. БҰҰ-да Ресей басқыншылығын айыптаған қарарларға дауыс беру кезінде Қазақстан көп жағдайда қалыс қалады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »