Новости на Newstaraz.

АҚШ-тың экс-елшісі: «Сайлау көп қазақстандықтың көңілін қалдырды, бұл әлеуметтік толқу қаупін күшейтеді

newstaraz.kz

«Сайлау көп қазақстандықтың көңілін қалдырған болуы мүмкін, бұл әлеуметтік толқу қаупін күшейтеді» дейді АҚШ-тың Қазақстандағы бірінші елшісі, АҚШ-тағы RAND Corporation зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Уильям Кортни Азаттық радиосына берген сұқбатында.

«Бұл сайлау бұрынғы сайлауларға қарағанда бәсекелі болған жоқ. Бір ғана өзгеріс – бірмандатты округтер бойынша сайлау. Бірақ кейбір тәуелсіз кандидаттарды есепке алмасақ, [сайлауға түскен] оппозиция өкілдері өте аз тәрізді. Үкімет оппозицияны сайлауға қатыстырмауға қатты күш салды. Жанболат Мамай тәрізді саяси көшбасшылар қудаланып жатыр. Басқа саяси белсенділерді сайлау қарсаңында, тіпті сайлау күні де қудалады. Билік белсенділерді ұстады», — деді экс-елші.

Оның сөзінше, тәуелсіз саяси партиялар партиялық тізіммен сайлауға қатыса алмады. Оларды [әділет министрлігі] тіркеуден бас тартты. Сондықтан бұл сайлауда бәсеке болмады. Бұл − Назарбаев стиліндегі дәстүрлі сайлау.

«Еркін де, әділ де, шынайы да емес парламент және президент сайлаулары ахуал жақсарғанын, ықтимал әлеуметтік толқу қаупі азайғанын білдірмейді. Сайлау көп қазақстандықтың көңілін қалдырған болуы мүмкін, сондықтан [әлеуметтік толқу] қаупі сайлаудан кейін одан сайын артуы мүмкін», — деді Уильям Кортни мырза.

Оның ойынша, Қаңтардағы оқиғадан кейін Қазақстанда азаматтық қоғам күшейіп жатыр.

«Саяси пікірді ашық білдіруге ұмтылыс күшейіп келеді. Сондықтан қазіргі үкіметтің реформаларды іске асыруға уақыты бар деп ойламаймын. Үкімет легитимдігін күшейтуді көздесе, қарапайым халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартатын реформаларды тез арада жүргізуі керек», — деді экс-елші.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »