Новости на Newstaraz.

Ақтөбеде орамал таққан ондаған оқушы келесі сыныпқа өтпейді

0 18

Ақтөбе облысында орамал таққаны үшін сабаққа жіберілмеген 22 оқушы келесі сыныпқа өтпейтін болды. Оқушылардың ата-аналары аудандық және облыстық соттарға шағымданған, бірақ одан нәтиже шықпаған.

22 мамырда Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық алқасы Шалқар қаласының тұрғындары Ербол Тұрғанбаев пен Нұрбол Сүйіндіковтің арыздарын қарап, орамал таққан оқушыларды сабаққа жібермеген мектеп әкімшілігінің әрекеті дұрыс екенін мойындады. Сөйтіп аудандық сот шешімін күшінде қалдырды. Шалқар аудандық соты бұл шешімді 2018 жылы 14 ақпанда шығарған.

Билік «діни ақуалы ең ауыр аймақ» деп атаған Ақтөбе облысында ондаған ата-ана балаларының мектепке орамалмен баруына рұқсат алу үшін күресіп жүр. Қазақстан Конституциясында діни наным-сенім еркіндігіне кепілдік берілгенін айтқан олар балаларының өздері ұстанатын дін тәртібімен киінуге қақысы бар деп есептейді.

Мектеп әкімшілігі болса оқушылар білім және ғылым министрлігінің жарлығымен бекітілген бірыңғай форма киюі керек деп отыр.

Тұрғанбаев пен Сүйіндіковтің соттағы өкілі болған бұрынғы судья Ағысбек Төлегенов енді Жоғарғы сотқа шағымданбақ.

Төртінші тоқсан және орамал дауы (2018 жыл 2 сәуір):

Ақтөбе облысы дін істері жөніндегі басқармасының мәліметі бойынша, қазір облысты 22 оқушы «бірыңғай мектеп киімі тәртібін бұзуына» байланысты сабаққа келмей жүр. Олардың екеуі Шалқар қаласында, қалған жиырмасы Ақтөбе қаласында тұрады. Облыстық білім басқармасы балалардың келесі сыныпқа өтпейтінін хабарлады.

Биыл аймақта орамал дауына байланысты 19 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынған.

Орамал төңірегіндегі жанжалды Астанаға жеткізуін сұрайды (2018 жыл 10 қаңтар):

centralasian.org

Получайте обновления в реальном времени прямо на вашем устройстве, подписаться прямо сейчас.

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.