Новости на Newstaraz.

Алматыда бір топ белсенді бас прокурордың қызметінен кетуін талап етті

newstaraz.kz

Дүйсенбі, 23 қаңтарда бір топ белсенді Алматы қаласының прокуратурасына жиналып, бас прокурор Берік Асыловтың қызметінен кетуін талап етті.

«Елдегі заңдылықтың сақталуын қадағалайтын органның басшысы Берік Асылов мұғалім Қалас Нұрпейісов пен журналист Әйгерім Тілеужанды «діни экстремистік ұйымдардың мүшелері» дегенін бәріміз естідік. Соты болмай, үкім шықпай тұрып екеуі жайлы мәжіліс қабырғасында, депутаттардың алдында айтқаны арқамызға аяздай батты. Бұл – прокурордың өзінің заңды өрескел бұзғаны, сол үшін оның қызметінен кетуін талап етеміз» деді прокуратура алдына барған журналист Думан Мұхаммедкәрім.

Жиналғандар осыдан үш күн бұрын, 20 қаңтарда «Бас прокурор Берік Асылов қызметінен кетсін» деген онлайн петиция жариялаған. Қазір оған 130-тан аса адам қол қойған, қалалық прокуратура алдына жиналғандар сол жерден де қол жинады.

«Осы жерге жиналған 30-дан астам адам қол қойды. Онлайн петиция сәл қиындау, электрон пошта арқылы, Facebook арқылы тіркелу керек. Сондай шарттарына байланысты онлайн қол қоюшылар саны әзірiе аса көп емес. Бірақ барлық азаматтық қоғам бұл петицияны қолдап жатыр» деді жиналғандардың бірі, белсенді Арайлым Назарова.

Жиналғандар шамамен бір сағаттан соң тарады. Петицияны президент әкімшілігіне пошта арқылы және электронды өтініш түрінде жіберетінін айтты. Олармен сөйлесуге прокуратурадан ешкім шыққан жоқ.

Журналист Әйгерім Тілеужан 2022 жылғы қарашада Қаңтар оқиғасы байланысты күдікті ретінде сот шешімімен үйқамаққа алынған. Бірнеше ай бойы оны «Алматы әуежайын басып алмақ болғандар ісі бойынша» қылмыстық іске куәгер ретінде тартып, кейін күдікті санатына ауыстырған.

«Әуежайды басып алмақ болды» деген күдікке іліккендердің тағы бірі – тарих пәнінің мұғалімі Қалас Нұрпейісов. Әйгерім Тілеужан да, Нұрпейісов те сол күні әуежайға барғанын мойындайды, бірақ тергеу таққан айыптарды жоққа шығарады.

Қазақстан Конституциясының 77-бабында «адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі» деп көрсетілген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »