Новости на Newstaraz.

Астанада Назарбаев қорымен байланысты компаниямен көлік тұрағы бойынша жасалған келісім тексеріледі

newstaraz.kz

14 сәуірде үкімет отырысында Астанадағы көлік тұрақтарын басқаратын компаниямен келісімді қайта қарау тапсырылды. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, келісім Назарбаев қорымен байланысты компаниямен жасалған.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, орталық мемлекеттік аппарат жетекшілерінің қатысуымен өткен монополиямен күрес жөніндегі комиссияның кезекті отырысында «Астана қаласының ақылы көлік тұрақ кеңістігін құру, пайдалану және басқару» туралы жоба бойынша мәлімет айтылған. Оны жүзеге асыру үшін Астана әкімдігі 2018 жылы «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС компаниясымен келісім жасасқан. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәл осы келісімнің заңдылығы тексеріледі.

Бұған қоса, үкімет отырысында энергетика саласындағы кейбір нысандарды мемлекет меншігіне қайтару және пайдалы қазбаны игеруге берілген лицензияның заңдылығын тексеру мәселесі қаралған.

«Власть» сайтының хабарлауынша, былтыр «Астана тұрақ кеңістігі» компаниясының иесі бірнеше рет ауысқан. Бұрын компанияға «Жасыл жер» ЖШС жетекшілік еткен, ал оны әр жылдары Назарбаев қоры немесе соған қарасты компаниялар басқарған. Астанадағы тұрақтар бойынша келісім компанияны Назарбаев қоры басқарған кезде жасалған.

Былтыр сәуірде Алматы әкімдігі «Алматы спецтехпаркинг сервис» және Alan Parking компаниялары қала меншігіне қайтарылғанын хабарлаған. Бұл екі компания да бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарына, жуырда «ірі көлемде ақша жымқырды» деген айыппен сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі болғаны хабарланған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »