Новости на Newstaraz.

Бас прокуратура Қаңтар оқиғасында қаза болғандардың тізімін жариялады

newstaraz.kz

Қазақстан бас прокуратурасы 7 айдан аса уақыттан соң Қаңтар оқиғасынанда қаза тапқандардың тізімін жариялады. Прокуратураның 16 тамызда жариялаған тізімінде 238 марқұмның фамилиясы мен есімінің инициалы ғана жазылған. Марқұмдардың қалай, қандай жағдайда қаза тапқаны жайлы ақпарат жоқ.

Қоғам Қаңтар оқиғасынан кейін биліктен опат болғандардың есімін жариялауды талап етіп келген еді. Органдар тергеу құпиялылығына сілтеп осы күнге дейін марқұмдардың есімін жарияламаған. Бұдан бөлек құқық қорғаушылар мен қаза тапқандардың жақындары марқұмдардың қандай жағдайда қаза болғаны жайлы ақпаратты талап еткен.

Билік Қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың тізімін жарияламай тұрғанда Азаттық радиосы марқұмдар жайлы деректерді жинап, «Қанды Қаңтар құрбандары» деген арнайы жобасын жариялаған. Азаттық Қаңтар қырғынында қаза болған 202 адамның аты-жөнін және деректерін жинаған.

Қаңтардың басында елде сұйылтылған газдың қымбаттауына қарсы митинг өтіп, наразылықтың аяғы қантөгіске ұласқан. Билік шетелде дайындықтан өткен «террористер шабуылы» туралы айтты, бірақ оған дәлел-айғақ келтірген жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылымға ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін мәлімдеді. Ол сонымен бірге елде билікті күшпен басып алу талпынысы болғанын айтты, алайда оны кім ұйымдастырғанын нақтыламады.

Ресми дерек бойынша, Қаңтар оқиғасында 230 адам қаза болды. Бұған қоса, оқиға кезінде ұсталған тағы сегіз адамның тергеу изоляторында көз жұмғаны белгілі болды. Билік қоғам талабына қарамастан опат болғандардың есімін жарияламай келген еді. Бұдан бөлек құқық қорғаушылар мен қаза тапқандардың жақындары марқұмдардың қандай жағдайда қаза болғаны жайлы ақпаратты талап еткен.

Қаңтар оқиғасы кезінде және одан кейін мыңдаған азамат ұсталып, жүздеген адамға «терроризм», «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру», «заңсыз қару-жарақ сақтау» секілді айыптар тағылды. Қамауда болғандардың арасында азапталғанын айтып шағымданғандар көп, бірақ оларды азаптау фактісі бойынша ұсталғандар некен-саяқ.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »