Новости на Newstaraz.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында президенттік көпсайыстың үздіктері анықтады

newstaraz.kz

Атырау, Ақтау және Ақтөбе гарнизондарының әскери қызметшілері Ақтөбеде өткен Президенттік көпсайыс жарысында үздіктерді анықтады.

Жарысқа «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінен 70-тен астам әскери қызметшілер қатысты. Барлық қатысушылар жас топтарына сәйкес бөлінді. Ережеге сәйкес әскери спортшыларға 3-тен 10 шақырымға дейінгі қашықтықты шаңғымен өтіп, пневматикалық мылтықтан ату, сонымен қоса күш жаттығуларын орындау қажет болды.

Турнирге барлығы 4 команда қатысты. Жарыс барысында қатысушылар жақсы нәтижелер мен керемет дене дайындығын көрсете білді, алайда жүлделі орынды тек мықтылары иеленді.

Президенттік көпсайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Ақтөбе гарнизонының әскери қызметшілері, екінші орынды Атырау гарнизоны командасы иеленді, ал Ақтау гарнизонының сарбаздары үшінші орынды қанағат етті.

— Президенттік көпсайыс бойынша жарыстар Қарулы Күштердің құрама командасына үміткер спортшыларды анықтау мақсатында өткізілді. Ең жақсы нәтиже көрсеткен әскери қызметшілерге спорттық разрядтар беріледі», — деді «Батыс» ӨңҚ дене шынықтыру және спорт қызметінің бастығы майор Медет Құлыбеков.

Осы чемпионаттың жеңімпаздары әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша Қарулы Күштердің ХVІІІ Спартакиадасында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы командасының атынан қатысады. Жарыстар Щучинск қаласында өтетін болады.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

капитан Рустем Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »