Новости на Newstaraz.

Белсенділер Ермольчева мен Шәріпов 15 тәулік қамақтан шықты

newstaraz.kz

Oyan, Qazaqstan! қозғалысының белсенділері Влада Ермольчева мен Дархан Шәріпов 15 тәулік қамақтан шықты. Алматы соты оларға бейбіт акцияға шыққаны үшін әкімшілік жаза кескен.

Ермольчеваны наурыз айында «Дауысымызды ұрлады» деген пикет өткізгені үшін, Шәріповті кезектен тыс президент сайлауы күні акция өткізгені үшін қамаған.

Белсенді Ермольчева Алматы қаласындағы әкімшілік қамақ орнынан 22-сіне қараған түні, Шәріпов оның алдында – 20.30 шамасында босатылған. Бұған дейін қалалық сот бірінші инстанциядағы сот шешімінің үстінен түсірілген шағымды қанағаттандырмаған. Ермольчева бес күн аштық жариялап, денсаулығы сыр берген соң тоқтатқан.

Белсенділер өздерін 9 мамырда соғысқа қарсы акция өткізер алдында әдейі ұстады деп есептейді.

– Апелляция кезінде сот шешіміне келіспейтінімді айттым, өйткені әрбір азаматтың бейбіт акцияға шығуға құқығы бар. Қазақстан Республикасы біздің құқығымызды бұзды деп білемін, – дейді Шәріпов.

Ермольчева қамап тастағанына таңғалмағанын айтты. Одан бірнеше күн бұрын оның Азаматтық құқық мектебіне полиция келіп, «жағдайын» сұраған.

– Oyan, Qazaqstan!-ның әрбір белсендісінің үстінен бір емес, бірнеше іс ашып тастаған. Мысалы, олар қаласа, мені қазір қайтадан апарып қамай салады. Өйткені мені басқа, Дарханды басқа акция үшін қамады, ал Дархан қатысқан акцияға мен де қатысқанмын, – деді ол.

20 қарашада Oyan, Qazaqstan! қозғалысының белсенділері Алматыдағы Тәуелсіздік монументінің жанына «Әділетті сайлауға жететін күн бар ма?» дейтін баннер жайып ұсталған. Оларды полиция ғимаратына апарып, бірнеше сағаттан соң босатқан.

2020 жылы қабылданған заң бойынша, азаматтар бейбіт жиын өткізетіні туралы жергілікті әкімдіктерге ескерту беру жеткілікті. Бірақ шын мәнінде қазір де кез келген акция өткізу үшін биліктің келісімін алу керек. Билікке қолайсыз акцияны ұйымдастырушылар мен оған қатысушылар қудаланатыны, оларға айыппұл салынып, қамауға алынатыны, кейбір белсенділерді ілгеріде болған акциясы үшін жауапқа тартатыны жиі байқалады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »