Новости на Newstaraz.

Бердібек Сапарбаев 12 жастағы балаға көлік мінгізді (фото)

newstaraz.kz

Бердібек Сапарбаев. Фото: NUR.KZ

Ұлттық спортты дамытуды қолға алған Бердібек Сапарбаев ұлан-асыр той жасады деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Ақтөбеде жастар арасында ұлттық спорттан ХХ-ы ел чемпионаты өтті. Аламан бәйгеде оза шапқан 12 жасар Қадір Әміржанов әкімнің қолынан көлік кілтін алды. Бердібек Сапарбаев көліктің есігін ашып, жеңімпазды машинаға өзі отырғызды.

«Ол баланы ат спортына 6 жасынан бастап тәрбиеледі. Аудандағы Нұрлыбек деген атбегі бірнеше чемпиондар дайындаған болатын. Қадір Әміржановтың бұл бірінші үлкен жеңісі. Балаларды жарысқа 14 жасқа дейін қатыстырамыз. Бала өскен сайын атқа ауыр болады. Бұл жеңісіміз ауданға үлкен абырой әкеліп тұр»,-дейді Алға аудандық спорт бөлімінің басшысы Талғат Наурызов.

pogudx54o61fdqmrv.2d926642

Жамбы ату, теңге ілу, көкпар, аламан және тоқ бәйге ойындарына еліміздің 9 облысынан 150-ге жуық жүйрік шабандоздары қатысты. Көкпардан біпрінші орынды Оңтүстік Қазақстан, екінші орынды Жамбыл облысы, үшінші орынды Маңғыстау мен Ақтөбе облыстары иеленді. Аламан бәйгеде топ жарған Алға ауданының 12 жасар шабандозы темір тұлпар иеленсе, екінші орын мен үшінші орын жүлделері Әйтеке би мен Қызылорда облысына бұйырды.

«Әрине ұлттық спортты жастар арасында кеңінен насихаттау жұмысын одан әрі жүргізу қажет. Бүгінгі үлкен мереке біздің жастарымыз үшін маңызды. Осындай жарыстарды әрі қарай өткізетін боламыз. Сонымен қатар ипподром жанынан иппотерапия орталығы жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда облыста осы ем түріне мұқтаж 112 бала тіркеуде. 20-дан аса бала ем қабылдап жатыр. Қосымша аттар да сатып алынып жатыр. Мұның бәрі халықтың игілігі үшін жасалып жатқан істер», — деді Бердібек Сапарбаев.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »