Новости на Newstaraz.

Билік тіркелмеген оппозициялық партия лидері Марат Жыланбаевты екі айға қамады

newstaraz.kz

Астананың тергеу соты Қазақстан билігіндегі шенеуніктерге «Путинге көмектескені үшін» санкция салуға шақырған оппозициялық белсенді Марат Жыланбаевты екі айға қамады. Билік оны «тыйым салынған ұйым жұмысына қатысқан», «экстремистік ұйым жұмысын қаржыландырған» деген күдікпен ұстаған.

25 мамыр күні Астана қаласының тергеу соты тіркелмеген «Алға, Қазақстан» оппозициялық партиясының лидері Марат Жыланбаевты тұтқындауды сұраған тергеушілердің талабын орындады. Үш аптаға жуық әкімшілік қамауда отырып шығысымен қайтадан ұсталған Жыланбаев енді тағы 23 шілдеге дейін абақтыда болады.

Гиннесстің рекордтар кітабына еніп, дүйім жұртқа танылған супермарафоншы, кейінгі жылдары билікті сынап, наразылық акцияларына қатысып жүрген 60 жастағы Марат Жыланбаев Қылмыстық кодекстің 405-бабы («сот тыйым салған ұйымның жұмысына қатысу») мен 258-бабында («террористік не экстремистік әрекетті қаржыландыру») көрсетілген іс-әрекетке барған деген күдікке қалып отыр.

Судья Георгий Моисеев онлайн режимде өткен сот отырысына Марат Жыланбаев пен адвокатының және прокуратура өкілінің ғана қатысуына рұқсат етті.

Тергеу органы қаулысында Астана қаласы полиция департаментінің экстремизммен күрес басқармасы Қазақстанда тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысын ұйымдастырушылар мен қатысушылардың әлеуметтік желідегі чатында Марат Жыланбаев барын анықтағанын жазған. Қаулыда Жыланбаев ҚДТ-ның негізін қалаған оппозициялық саясаткер, 2009 жылдан бері шетелде тұрып жатқан қуғындағы бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовпен және оның «шетелдегі штабымен байланыста болып, олардан конституциялық құрылымды өзгертуге бағытталған тапсырма мен нұсқаулар алып отырғаны» айтылған.

«Жыланбаев Қазақстанда ҚДТ қозғалысына сот тыйым салғанын біле тұра, Әблязов шақырған рұқсат етілмеген митингілерге қатысқан, оны әлеуметтік желілер арқылы насихаттаған» деген тергеу орындары ол былтырдан бері қатысқан митингілерді тізіп, Әблязовтің әлеуметтік желіде Жыланбаевтың жазбаларын бөліскенін дәлел ретінде келтірген.

«2023 жылы Жыланбаев Астана қаласында жүріп, ҚДТ экстремистік ұйымының жұмысына белсене қатысты. 4 ақпанда Шымкенттегі ҚДТ белсендісіне 500 мың теңге аударған» дейді тергеу орны.

Адвокат Мейіржан Досқараевтың айтуынша, Жыланбаев тергеу орындарының уәжіне үзілді-кесілді келіспейді.

– Сотта Жыланбаев ешқандай экстремистік ұйымның мүшесі емес екенін, былтырдан бері «Алға, Қазақстан» оппозициялық партиясын тіркете алмай жүргенін айтты. Ол «Мені экстремистік ұйымды қаржыландырды дегені – нағыз өтірік. Мәжіліске кандидат болғанымда шотыма ақша түсті. Оны «Алға, Қазақстан» атынан мәжіліске түскен кандидаттарды қолдау үшін жібергенім рас. Митингіге барсам, ол үшін алдын ала ескерту бердім. 20 рет өтініш жаздым. Бірде-біріне рұқсат берген жоқ. Ешқандай заңды бұзған жоқпын» деп мәлімдеді, – дейді адвокат.

Жыланбаев былтырдан бері Астана әкімдігіне елде саяси белсенділерді қудалауды тоқтатуды, Қаңтар қырғынын халықаралық сарапшыларды қатыстырып тергеуді талап етіп, Ресейдің Украинадағы агрессиясын айыптайтын бейбіт митинг өткізетіні туралы 20 шақты хабарлама жазған. Билік митинг өткізуге келісім бермеген.

Астана қаласының полиция департаменті Марат Жыланбаевтың ісі бойынша сұрақтарға жауап берген жоқ.

Марат Жыланбаев – 1990 жылдары Қарақұм, Сахара, Үлкен Виктория, Невада шөлдерін жүгіріп өтіп, Гиннесстің рекордтар кітабындағы көрсеткішті жеті мәрте жаңғыртқан әлемдегі жалғыз ультрамарафоншы. Қазақстанды 30 жылға жуық билеген Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы көктемде президент қызметінен кетіп, орнына Қасым-Жомарт Тоқаевты қалдырғаннан кейін елде биліктен өзгерістер талап еткен белсенділер қатары жаңа адамдармен толықты. Солардың арасында Марат Жыланбаев та болды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »