Новости на Newstaraz.

«Біздің полиция» – спортшы Айдана Тұрсын

newstaraz.kz

Қазіргі таңда спорттың алуан түрі баршаға мәлім. Ережелері әртүрлі болғанымен мақсаты жеңіс болатын әр спорттың өзінің жанкүйерлері бар. Құқық қорғау органдары мен әскерилерге, құтқарушыларға арналған спорт салалары да көп.

Бүгін «Біздің полиция» айдарында тілсіз жауды тізгіндеп, ұтқыр қимыл арқылы құтқаруға бағытталған өрт сөндіру-құтқару спорты және онымен айналысып, жетістіктерге жетіп жүрген ару Айдана Тұрсын туралы айтпақпыз.

Таяуда ғана, 2022 жылдың 3-8 тамыз аралығында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жазғы чемпионат Қызылорда облысында өткен болатын. Оған облыстардан, республикалық маңызы бар қалалардан және елордадан 400-ден астам спортшы жүзден жүйрік атану үшін бағын сынаған. Чемпионаттың бірінші күні қатысушылар оқу мұнарасының тік қабырғасына шабуыл жасады. Онда жас ерекшеліктері бойынша екінші, үшінші және төртінші қабаттың терезесіне шабуыл сатымен көтерілді. Алғашқы минуттардан бастап-ақ шымкенттік команда жарыста белсенділік танытты.

Қуантарлығы, аталған додада шымкенттік полицей қыздарымыз командалық есепте 1-орын иеленген. Жекелей жарыста әйелдер арасында Айдана Тұрсын жеңіс тұғырынан көрініп, мерейі үстем болды.

Атап айтқанда, Қызылорда қаласында өрт сөндіру спорт түрінен Қазақстан Республикасының кубогы өтіп, Шымкент қаласы Полиция департаментінің ЖҚАЖ инспекторы полиция лейтенанты Тұрсын Айдана 2-орынды иемденді.

«Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапты қызмет. Біздің негізгі серігіміз спорт. Осы салада түрлі жарыстарға барып жүрміз. Департамент намысын абыроймен қорғап келеміз. Дегенмен, биік шың адамға оңайлықпен келмейді. Аянбай еңбек етіп, тер төгу керек»,- дейді тәртіп сақшысы Айдана Тұрсын.

Айта өтетін ақпарат, өрт сөндіру-құтқару спорты – өрт сөндірушілердің жауынгерлік әзірлігін арттыратын және өрт сөндіру тәжірибесінде қолданылатын қолданбалы спорт түрі. Ұзындығы – 4 метр, салмағы 8,5 келі болатын сатымен бірнеше секунд ішінде оқу мұнарасының төртінші қабатында көтерілу үшін көз ілеспес жылдамдық, шымырлық һәм ширақтық керек. Өзіндік ерекшелігі әрі орны бар өрт-сөндіру құтқару спорты осындай қабілеттерді қажетсінеді.

Осы ретте спортшы полицей аруымыздың әр басқан қадамына сәттілік тілеп, тек қана биік белестерді бұдан әрі бағындыруына шын жүректен тілектеспіз.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »