Новости на Newstaraz.

Дональд Трамп импичменттің екі бабы бойынша да ақталды

newstaraz.kz

АҚШ Сенаты Дональд Трампты президент қызметінен кетіруге қарсы дауыс берді. Ол «Билікті асыра пайдаланды» және «Конгресс жұмысына кедергі келтірді» деген баптар бойынша толық ақталды. Президенттен барлық айып алынып тасталды.

Бірінші бар бойынша 48 сенатор «кінәлі» және 52 сенатор «кінәсіз» деп дауыс берді. Екінші бап бойынша 47 сенатор «айыпты» деп санаса, 53-і таза деп есептеген. Сенаторлардың дені Трамп сайланған Республикашылдар партиясының мүшесі.

Дауыс бергендердің ішінде тек бір ғана республикашыл, 2012 жылы президенттіктен үміткер болған Митт Ромни қарсы дауыс берді. Бірде бір демократ Трампты қолдап дауыс бермеді.

Президентке импичмент жариялау туралы іс америкалық арнайы қызметтің өкілі 2019 жылдың ортасында басшылығына Трамптың қызметін асыра пайдаланғанын мәлімдегеннен кейін басталды. Сол кезде демократтар Трамп командасы арқылы жеке саяси мүддесі үшін Украина билігіне қысым көрсетті деп мәлімдеді.

Республикашылдар болса президентті қолдап, импичмент процесін фарс деп есептейтінін жеткізген. Көбі 2016 жылы Украина үкіметі Трампқа қарсы жұмыс істеді деп есептейді.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »