Новости на Newstaraz.

Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға «станция қызметкерінің қателігі» себеп болғаны айтылды

newstaraz.kz

Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды

Екібастұзда кемінде 17 көп қабатты үй жылусыз қалып отыр. Тағы 41 тұрғын үйге билік күн соңына дейін жылу жіберуге уәде берген. 1 желтоқсанда кешкі брифинг кезінде премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр осылай деп мәлімдеді.

Мемлекеттік энергия қадағалау комитеті зерттеуінің алдын ала қорытындысы бойынша, жылу желілерінің бұзылуына «станция қызметкерінің қателігі себеп болған». Соның салдарынан желідегі қысым күрт көбейіп, «жылу желісіндегі көп құбыр жарылған» деді Скляр.

«27 қарашада бір мезетте 43 құбыр жарылды, 28 қарашада сондай 30 оқиға болды. Екібастұзда мұндай сипаттағы апат алғаш рет болып отыр» деді Скляр Екібастұздағы брифинг кезінде.

«Апат жылу электр орталығында емес, желілерде болған. Көп құбыр жарылып, жүйеден су көп кеткеннен кейін жылу электр орталығындағы қазандықтар автоматты түрде өшіп қалды» деді Скляр.

Оның сөзіне қарағанда, 1 желтоқсанда таңертең 5 «А» ықшамауданындағы жылу магистраліндегі соңғы ірі ақау жойылғанмен жылумен қамтамасыз ету желісіндегі тепе-теңсіздіктер мен желіден судың шығарылуы аталған ықшамаудандағы үйлерді жылу желісіне қосуға мүмкіндік бермей отыр. 5 «В» мен 6-ықшамаудандардағы үйлерді кезең-кезең бойынша жылуға қосу жұмыстары жүріп жатыр.

«Бұл 41-көп қабатты үй. 2 желтоқсанда 5 «А» ықшамауданындағы 17 үйге жылу беріледі» деді Скляр.

27 қарашаға қараған түні 150 мың тұрғыны бар Екібастұзда жергілікті жылу электр орталығындағы қазандықтар істен шығып, ондаған көпқабатты тұрғын үй, сонымен бірге жеке үйлер мен әлеуметтік нысандар 30 градус аязда жылусыз қалған.

Екібастұздағы жылу магистраліндегі ақаулардан кейін билік жергілікті аумақта техноген сипатындағы төтенше жағдай жариялаған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 желтоқсанда Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақовты қызметінен босатқан. Облыс әкімі міндетін уақытша Олег Крук атқарады. Ол бұған дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары болған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

Translate »