Новости на Newstaraz.

«Екібастұз — жемқорлық нәтижесі». Алматыда Oyan, Qazaqstan белсенділері акция өткізді

newstaraz.kz

4 желтоқсанда Алматының Арбат алаңында Oyan, Qazaqstan’ның екі белсендісі қақаған аязда жылусыз қалған Екібастұз тұрғындарын қолдап, акцияға шықты.

Олардың қолында «Екібастұз – жемқорлық нәтижесі»(Екибастуз – результат коррупции) және «Кеше — сайлау, бүгін — Екібастұз. Таңдауымыз осы ма?» деген жазуы бар плакаттар болды. Белсенділер суықта Екібастұз тұрғындарының жағдайын қоғамға еске салатындай акцияға жеңіл киініп келген. Белсенділер биліктің әрекетсіздігіне қарсы жеңіл киініп келгендерін айтты.

«Екібастұз басшыларының отставкасын талап етемін. Қазақстанда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен жылу желілері проблемасының шешілгенін қалаймыз. Жұрт 30 градус аязда қатып жатыр. Сол үшін алаңға шықтым» деді Oyan Qazaqstan мүшесі Влада Ермольчева акция кезінде.

«Бұл апат. 21 ғасырда адамдар бұлай өмір сүрмеуі тиіс» деді Мария Кочнева.

Сәлден соң оқиға орнына полиция қызметкері келіп, шараның «заңсыз» екенін ескертіп, бөлімшеге алып кетпек болды. Алайда белсенділер бөлімшеге барудан бас тартқан. Ары-бері өткен тұрғындар олардан күртешелерін киіп алуды өтінді.

Акция шамамен жарты сағатқа созылған. «Власть» сайтының жазуынша, акция аяқталған соң полиция Oyan Qazaqstan белсенділерін ұстап әкеткен. Оларды Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізген.

Алмалы аудандық полиция басқармасының кезекші бөлімінде отырған қызметкер Данияр Мансұров Азаттыққа Мария Кочнева мен Влада Ермольчеваның ұсталғанын растады.

«Олар Арбатта рұқсат етілмеген акция өткізген. Түсініктеме жазғаннан кейін босатады» деді ол.

Қазақстанның солтүстік-шығысындағы 150 мың халқы бар Екібастұз қаласында жылу электр орталығындағы қазандықтар істен шығып, қақаған аязда қала тұрғындары бірнеше күн бойы жылусыз қалған. Екібастұздағы жылу магистраліндегі ақаулардан кейін билік жергілікті аумақта техноген сипатындағы төтенше жағдай жариялаған. Кейін тұрғын үйлердің біраз бөлігін жылу жүйесіне қосқаны хабарланды.

Төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штабтың 4 желтоқсан таңертеңгі мәліметі бойынша, қалада 11 тұрғын үй әлі жылусыз отыр. Билік күн соңына дейін жылуды қосуға уәде берген.

Ақпаратқа қарағанда, Екібастұзда 689 көп қабатты тұрғын үй бар. Жөндеу жұмыстарына шамамен 500 адам жұмылдырылған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 желтоқсанда Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақовты қызметінен босатқан. Облыс әкімі міндетін уақытша Олег Крук атқарып жатыр. Ол бұған дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары болған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »