Новости на Newstaraz.

Freedom Now Жанболат Мамайға шыққан үкімді сынап, Астанаға үндеу жасады

newstaraz.kz

Вашингтонда орналасқан Freedom Now үкіметтік емес ұйымы тіркелмеген «Демократиялық партия» жетекшісі Жанболат Мамайға шыққан сот шешімінің күшін жою және оған қатысты барлық шектеуді алып тастау жөнінде Қазақстан билігіне үндеу жасады.

10 сәуірде Алматы қаласындағы Бостандық ауданының № 2 соты «Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген айыппен Жанболат Мамайға алты жыл шартты жаза кескен. Саясаткер бұл айыпты мойындамаған.

Freedom Now ұйымының атқарушы директоры Маран Тернер дүйсенбідегі мәлімдемесінде Жанболат Мамайға шыққан үкімді «Қазақстан билігін сынамауға мәжбүрлеу үшін қозғалған істің шарықтау шегі» деп сипаттаған. Оған алты жылға дейін қоғамдық-саяси жұмыспен, журналистикамен, пулицистикамен айналысуға, қоғамдық бірлестіктер жұмысына қатысуға тыйым салынғанын Тернер «заңды әрі бейбіт саяси қызметпен айналысуға тосқауыл қою үшін жасалған әрекет» деп есептейді.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ. Кеше Жанболат Мамай сот шешіміне келіспей, апелляциялық сотқа арызданатынын мәлімдеген. Заң бойынша, сот үкімі 15 күнде күшіне енеді. Судья сот үкімі күшіне енгенше Жанболат Мамай үйқамақтан шығарылмайтынын хабарлаған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »