Новости на Newstaraz.

Кәсіпкерлер қорғаныс министрлігінен 15 млн $ ақшасын ала алмай жүр

newstaraz.kz

Қазақстанда 220 жеке компания қорғаныс министрлігінен шамамен 15 млн доллар ақшасын ала алмай жүр. Кәсіпкерлер мекеме тапсырмасын орындадық, бірақ атқарған шаруа үшін тиісті ақшамызды алмадық дейді.

Қорғаныс министрлігі қаржыны мекемеге тиесілі «Әскери құрылыс» компаниясына аударған. Бірақ қаражат белгісіз жаққа аударылып, жоқ болған. Тапсырысты орындаған кәсіпкерлер ақшасыз қалған, ал министрлік болса, оларды сотқа беріп жатыр.

«Бұл қарыз 2016 жылдан бері келе жатыр. Министрлік әр ісімізді тексеріп, аудит жүргізген. Нәтижесінде бәрі үнсіз қалды. Министрлікке қатысты компанияда қазір басқа адамдар жұмыс істеп жатыр. Олар әдейі бәрін жаңадан тартып отыр», — дейді ақшаны қайтаруды талап еткен бастамашыл топтың өкілі Дамир Сатыбаев.

2020 жылы Татьяня Ляменконың компаниясы Үшаралдағы әскери бөлімшеге канализация орнатып берген. Сол үшін 25 мың доллар алуы керек болған. Бірақ ақшасын әлі алмаған.

«Мен жұмысшыларға өз қалтамнан ақша төлеп бердім. Олардың да отбасы бар, несиесі бар, асырау керек. Қазір мен отбасым аш қалмау үшін таксист болып жүрмін», — дейді Татьяна Ляменко.

«Әскери құрылыс» кәсіпкерлерге өтемақы ретінде қарулы күштердің ардагерлеріне арнап салынған үйлерді беруі тиіс болған. Бірақ кәсіпкерлердің айтуынша, шешім қабылданған бетте, жылжымайтын мүліктің ордерін іздеушілер көбейіп кеткен.

Алданған кәсіпкерлер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына үндеу жариялап, үкімет мүшелері диалогқа келсін деген талап қойды. Ал полиция болса, оларды заңсыз митинг ұйымдастырды деп жауапқа тартпақ. Үкімет мүшелерімен кездесуді талап еткен кәсіпкерлердің бірқатарын полиция ұстап әкеткен.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »