Новости на Newstaraz.

Көкшетау соты Украинаны қолдап, автошеру жасаған белсенділерге ескерту жасады

newstaraz.kz

Kazakhstan — Automarch to support Ukraine. Akmola region, 14 April 2022 Screenshot

1 мамыр күні Көкшетауда бес адамды полиция қызметкерлері үйлерінен алып кетіп, әкімшілік сотқа тартты.

Дәл осы күні Қазақстанның ірі қалаларында оппозиция митингісі жоспарланған еді: бірақ Алматыда полиция шара басталмай жатып он шақты белсендіні ұстап әкетті, кейбір қалаларда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Көкшетаулық белсенді Гаухар Шәкенованың Азаттыққа айтуынша, белсенділердің барлығын полиция үйлерінен таңертеңгі сағат 9.30-да ұстап алып кеткен.

– Менен бөлек Марат Жанұзақов, Уәлихан Нығметов, Бауыржан Балташев, Қуат Мұхамеджановты үйіне алып кетіп, әрқайсысымызды өзіміздің учаскелік пунктінде ұстады. Содан соң онлайн сот жасап, «заңсыз митингіге қатысты» деп айыптады (Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 488-бабының 6-тармағы). Ескерту беріп жіберді, бірақ әлі сот қаулысын қолымызға алмадық, күтіп отырмыз, — деді ол жексенбі күні кешке қарай.

Гаухар Шәкенованың айтуынша, полиция оларды «14 cәуірде Көкшетау қаласының сыртына шығып, бірнеше автокөлікпен Украина жалауын ұстап, автошеру жасағаны үшін» жауапқа тартқан. Сот оны “митингіге” балап, қатысушыларын “рұқсат етілмеген митингіге қатысушылар” ретінде айыптап, ескерту жасаған. Сот процесі таңертеңгі сағат 10-нан кешкі 17-ге дейін созылған.

Азаматтық белсенді мұның бәрі өздерін 1 мамырда митингіге шықпау үшін жасалған әрекет деп санайды және сот шешімімен келіспейтінін айтады. Ақпаратқа қарағанда, полиция белсенділерді осы шеру үшін 26 сәуірде жауапқа тартпақ болған, бірақ ол жолы ешқандай шешім шықпаған.

«Қазақстан демократиялық таңдауы» қозғалысының лидері, шетелде тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов халықты 1 мамырда жаппай митингіге шығуға үндеген еді. Әблязов митингіде ҰҚШҰ мен Еуразиялық экономика одағынан шығу; жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыны екі есеге дейін өсіру; кредиттерді кешіру, Украинаны қолдауды талап етуді ұсынған. Әблязовтың ҚДТ қозғалысы Қазақстанда «экстремистік» деп танылып, қызметіне тыйым салынған. Ал Еуропарламент бұл қозғалысты «бейбіт оппозициялық ұйым» деп атайды.

Жексенбі күні Алматыда полиция орталық саябақ маңында он шақты адамды күшпен ұстады. Өзге аймақтарда оның ішінде, Шымкент, Ақтау мен Ақтөбеде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Кей белсенділер полицияның үйлерін күзетіп тұрғанын хабарлады. Жаңаөзенде полиция бірнеше адамды ұстаған.

Бір күн бұрын бас прокуратура «1 мамыр күні рұқсат етілмеген митингілерге шықпауды» ескерткен.

Қазақстанда бұған дейін Ресей басқыншылығын айыптап, Украинаны қолдаған акциялар өткен. Кейбірінде полиция акцияға қатысқандарды ұстаған.

Халықаралық және жергілікті құқық қорғаушылар елде азаматтардың бейбіт түрде жиналып, пікірін айту құқығы жиі шектелетінін айтып сынаған. Нұр-Сұлтан азаматтардың бейбіт жиынға қатысты құқықтарын шектейтінін мойындамай келеді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »