Новости на Newstaraz.

Көкжиде кенішінің мұнайшылары тағы ереуіл бастады

newstaraz.kz

Ақтөбе облысы Көкжиде кенішіндегі «КМК Мұнай» компаниясының жүзге тарта жұмысшысы 25 наурызда тағы да ереуіл бастады. Олар «басшылық қаңтардағы жеті күндік ереуілден соң берген уәдесін орындамады» дейді. Кәсіподақ өкілі мұнымен келіспейді.

келіспейді.

«Көкжидеде жаңбыр құйып тұр. Сағат екіден бері өндірістік базадағы аңғардың ішінде жиналып тұрмыз. Өндіріс басында инженерлер ғана жүр» деп хабарлады Азаттыққа аты-жөнін атамауды өтінген мұнайшы.

Екі айдан бері жаңа кәсіподақ құра алмай жүрген «КМК Мұнай» жұмысшылары «басшыларға қарапайым еңбеккер құқын қорғайтын кәсіподақтың керегі жоқ» деп санайды.

– Бүгін «КМК Мұнайда» жаңа кәсіподақ құрылуы тиіс болатын. Жұмысшылар бір жақ, жұмыс берушіні қолдаушылар бір жақ болып екіге бөліндік. Әділ сайлау болмасы айдан анық еді. Өйткені кәсіподаққа төраға сайланатын күні жұмыс беруші кенішке Ақтөбедегі кеңседен 50 адам алып келген. Оған Көкжидедегі инженерлік құрам қосылып, жүзден астам адам болды. Біз сайлаудың ашық өтуін талап еттік. Бірақ салалық кәсіподақ өкілдері дауыс беру жабық түрде өткізіледі деп шешті. Әділ сайлаудың болмасын білгендіктен екінші ереуілді бастадық, – дейді «КМК Мұнай» жұмысшысы.

Қарапайым еңбеккерлер құқын қорғайтын ұйым құрылмаған жағдайда мұнай өндірісі тоқтайтынын жұмысшылар «КМК Мұнай» компаниясының президенті Ван Цзиньбаоға бір ай бұрын хабарлаған.

– Қаңтардағы жеті күндік ереуіл кезінде біз қойған төрт талаптың бірі –кәсіподақ ұйымын қайта құру болатын. Сол кезде Ван Цзиньбао мырза «талаптарыңыз түгел орындалады» деді. Енді келіп «жұмыс беруші заң бойынша кәсіподақ ұйымының шаруасына араласа алмайды, оны өз орталарыңызда шешесіздер» деп отыр. Басшылардың «кәсіподақ жұмысына араласпаймыз» дегені әншейін сөз. Қазақстанда тәуелсіз кәсіподақ жоқтың қасы. Қалғандары жұмыс берушінің қолбаласы. Бізде де тап солай. Қаңтардағы ереуіл кезінде құқымызды қорғамаған ұйымға біз мүлдем сене алмаймыз, – дейді «КМК Мұнай» компаниясының тағы бір жұмысшысы.

Азаттыққа телефонмен сұхбат берген мұнайшылар жұмыс беруші қудалайды деп қорыққандықтан аты-жөнін атамауды өтінді.

«КМК Мұнай» жұмысшыларының штаттағы қызметкерінің 80 пайыздайы («жұмысшы» санатындағылар) 2021 жылғы 25 қаңтарда жалақыны 100 пайызға өсіріп, жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, өндірісті тоқтатқан. Компания басшылығы бірінші ереуіл басталған күні жұмысшылардың еңбекақысын 20 пайызға өсіруді ұсынған, бірақ мұнайшылар оған келіспеген.

Мұнайшылар қаңтар айындағы ереуіл кезінде «КМК Мұнай» басшыларына төрт талап қойған. Соның ең бастысы – жалақыны 100 пайыз көбейту. Бұған қоса олар жатақхананы жөндеп, аз мәзірін жақсартуды, ереуілшілерге қысым жасамауды, кәсіподақты қайта сайлауды талап еткен.

2021 жылғы 31 қаңтарда тараптар мәмілеге келіп, Азаттыққа мұнайшылар талаптары орындалатынын хабарлады. Ереуілден соң компания жұмысшылары 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап, экологиялық төлемдер мен тарифтік разрядты қоса есептегенде айына 220-260 мың теңге (шамамен 520-615 доллар) аралығында жалақы алатын болған. Басшылар ереуілшілерді қудаламауға, кенішке жақын Саркөл ауылынан жаңа жатақхана құрылысын бастауға уәде берген. Ал ереуілшілердің жаңадан кәсіподақ ұйымын құру туралы талабы екі айдан бері орындалмаған.

Көкжиде кеніші Ақтөбе облысының Темір және Мұғалжар аудандарының шетінде, Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаштан 90 километр, облыс орталығы – Ақтөбеден 230 километр қашықтықта орналасқан.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »