Новости на Newstaraz.

Маңғыстауда өткізілген «Адалдық сағаты»

newstaraz.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы жолдауында еліміздің өніп-өркендеуінде жастардың алатын орнын ерекше екенін ескере келе, ағымдағы жылды «Жастар жылы» деп жариялаған болатын.

Осыған орай, өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілік, адалдық, әділдік, парасаттылық және отансүйгіштік сияқты құндылықтарды қалыптастыру мақсатында Маңғыстау облысының білім беру мекемелерінде «Адалдық сағаты» шарасы өткізілді.

Шараны өткізуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, облыстық білім беру басқармасы, «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері, «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалының өкілдері лекторлар ретінде қатысты.

Әрбір лектор өз сөзінде Агенттік пен Департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыс жайында, осы шараға арнайы дайындалған бейнероликтерді көрсете отыра тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары жайында жеткізді.

Жалпы, шарамен облыстың 139 орта білім беру мектептері, 14 колледжі және 2 жоғары оқу орны қамтылды.

Осы шараларды жүргізу барысында тыңдаушылардың тақырып бойынша көкейдегі сұрақтарына нақты жауап берілді және олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы алда өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысуға шақырылды.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »