Новости на Newstaraz.

Мол ақша табуды ойлаған алматылық азамат 17 жыл құлдықта болған

newstaraz.kz

Жәбірленуші Юрий Тырлов. Видеодан алынған кадр: КТК
Алматылық азамат 17 жыл бойы құлдықта болғанын мәлімдеді. 60 жастағы Юрий Тырловты біреулер осыншама уақыт жұмысқа жегумен келіпті деп хабарлайды КТК арнасы.

Тек қолына күрек ұстай алмайтын халге жеткенде әлгі қожайындары оны бостандыққа жіберген көрінеді. Ескі мекен-жай бойынша үйіне тартқан жарымжан азамат, баспанасын да орнынан таппай қалған. Құжаты да, жақындары да жоқ қария қазір ауруханада жатыр.

17 жыл бұрын біреулер оған табысты жұмыс ұсынып, шалғайдағы ауылға алып кеткен. Ол жерді өзі Жамбыл облысының Қордай ауданы деп отыр. Содан бері Юрийдің көрмеген қорлығы қалмапты.

Тек денсаулығынан айырылып, еңбекке жарамсыз күйге жеткенде ғана қожайындары Алматыға әкеліп тастаған. Ал 17 жыл бойғы жұмысы үшін қолына ұстатқандары – мың теңге ғана. Онсыз да азаптан әрең құтылған Юрий Тырлов мұнда келгенде де қиындыққа тап болған.

«Келсем, үйім жоқ. Менің жерімнің үстіне балабақша салып тастапты», — дейді Юрий.

Енді қарияның құжаты да, жақындары да жоқ. Ал денсаулығы сәл де болса түзеліпті. Мұнда ол жедел жәрдеммен өлімші күйінде жеткізілген екен.

«Келген кезде есін дұрыс білмейтін. Мұрыны жарылған. Беті қан. Көп нәрсені айта алмайтын. Ол кісіні сол жағындағы қолы мен аяғы сал болып қалған. Тілі күрмеледі», — дейді невролог Сапарбек Айтбай.

Қазір палатадағы өзге науқастар керек-жарағын алып, оған барынша көмектесуде. Юрий де тек соларға мұңын шағыпты.

Енді санаулы күндерден кейін қария бұл жерден шығарылады. Бірақ, барар жері болмағандықтан, дәрігерлер оны медбикелік күтім ауруханасына жібермек. Онда да тек 10 күндей паналай алады.

Сондықтан, дәрігерлер қазір құзырлы орындармен бірігіп, Юрий Тырловтың жақындарын іздеп жатыр. Қорлық көрген азаматтың өзі сотқа шағымданбақ. Сөйтіп, құлдыққа жеккендердің жазаға тартылғанын қалайды. Ал олардың түр-түсін де, әлгі ауылға барар жолды да білемін деп отыр.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »