Нашақорлықтың алдын алу және есірткіге қарсы бағыттағы жұмыстар нақтыланды
Нашақорлықтың алдын алу және есірткіге қарсы бағыттағы жұмыстарды бір ғана мемлекеттік орган өздігінен іске асыра алмайтыны сөзсіз. Бұл жұмыстарды барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуы және жалпы қоғамның ат салысуы нәтижесінде ғана шешу мүмкіндігі бар.
Осыны ескере отырып, Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, ШЖҚ «Психикалық денсаулық орталығының» және Жастар ресурстық орталығының мамандары талқылап, жұмыстық кездесу өткізді.
Онда қаламыздағы осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар нақтыланып, алға қойылған міндеттері шешу жолдары қарастырылды. Бірлескен жұмыс нәтижесінде күтілетін нәтижелер мен оған жету жолдары пысықталды. Мамандар қызметте кездесетін мәселелер жөнінде сөз қозғап, оларды бірлесіп шешуде өз пікірлерімен бөлісті.
Алдағы уақытта аталған қызметтердің қатысуымен қаламызда нашақорлықтың алдын алу және есірткіге қарсы бағытта бірқатар іс-шараларды жүргізу көзделген.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
newstaraz.kz