Новости на Newstaraz.

Назарбаев фейк жаңалықтар туралы, қызы — интернет-тролльдер туралы айтты

newstaraz.kz

Алматыда өтіп жатқан Еуразиялық медиафорум қатысушыларына хат жолдаған президент Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ-тың жауапкершілігі мәселесіне тоқталып, әлеуметтік желі мен фейктер жайлы айтқан. Оның мәлімдемесін форумның ашылу салтанатында жиналғандарға ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев оқып берді.

Президент мәлімдемеде адамдардың барған сайын дәстүрлі БАҚ-тан кетіп, тәуелсіз блоггерлер мен әлеуметтік желі сияқты балама ақпарат көздеріне басымдық беріп жатқанын айта келе:

— Бірақ мұнымен қатар кәсібилік және сапалы контент — бұл дәстүрлі БАҚ-тың әрдайым бәсекелік артықшылығы болып келеді. Тек түзу және шынайы ақпарат пен фейк жаңалықтарды тексеру ғана аудиторияны тартуға мүмкіндік беріп, объективті ақпарат көзі ретінде БАҚ беделін нығайта алады. Бұл үшін ақпаратқа қол жеткізудің ашық каналдарын дамытып, үздіксіз диалог жасап отыру маңызды, бұл мәселелерді шешуде әріптестікті ойдағыдай орнатудың басты шарты, — деген.

Ал Еуразиялық медиа форумның ашылу салтанатында сөз сөйлеген сенат депутаты Дариға Назарбаева интернет технологияның даму қарқынына тоқтала келе, тролльдер мәселесін қозғаған.

Форумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы медиатұтыну нарығы өзгергенін айтып, интернет технологияның тынысын сезіп отыратын жаңа буын қалыптасқанын атап айтқан.

“Интернет кеңістігіне кіру жеңілдігі өзін жеткізгісі келетін талантты адамдар ғана емес, сонымен бірге авантюристер мен қылмыскерлерге, барлық үлгідегі насихатшыларға жол ашты” деген Назарбаева:

— Нағыз жаманы — бұл тролльдер, ақпараттық соғыстың көрінбейтін солдаттары, сонымен бірге жалған және фейк жаңалықтарын жазушылар. Мұндай жағдайда сар жағал басылымдардың өзі тәуір көрінеді, — деді Назарбаева.

ХV Еуразиялық медиа форум Алматыда мамырдың 22-сі басталды. Форумның салтанатты ашылуы мамырдың 23-і болды. Форум бағдарламасында оған 60 елден 600 делегат қатысады деп жазылған.

Форумда әлемнің қайта құрылуы, бірігіп әрекет етудің мүмкін сценарийлері, жасыл экономика концепциясы, ақпарат революциясының салдары және инвестиция рөлі сияқты маңызды мәселелер талқыланып жатыр.

Еуразия медиа форумы Қазақстанда 2002 жылдан бері өткізіліп келеді. Форумды «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қаржыландырады.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »