Новости на Newstaraz.

Пәтер аламын деп, бес миллион теңгесінен айырылды

newstaraz.kz

Иллюстративное фото

«Үкіметтен кезектен тыс пәтер алып беремін» деп тұрғындардан заңсыз ақша алып, алдап кеткентер азаймай тұр. Кезекті жайт Шымкент қаласында орын алды.

2022 жылдың 30-қазанында Қаратау АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол арызында, бір жылдан бергі танысы «Шымкент қаласынан мемлекеттік бағдарлама бойынша яғни жеңілдетілген жолмен кезектен тыс пәтер алып беремін» деп, 5 000 000 (бес миллион) теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.

Аталған жайт ҚК-тің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлерімен күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті ер-азаматты қала аумағынан бір тәулік ішінде қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 24-те, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.

Ұсталған азамат заңсыз әрекетке қордаланып қалған қарыздарынан құтылу мақсатында барғанын мойындады. Алған ақшаны қарыздарына таратып жіберген.

Қазіргі кезде күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »