Новости на Newstaraz.

Полицейлер Тоқаевты «туған күнімен құттықтамақ болған» бір топ үлескердің жолын бөгеді

newstaraz.kz

17 мамыр – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні бір топ үлескер «президентті құттықтау үшін» Ақордаға бармақ болды. Бірақ депутаттар отыратын блокқа жақындай бергенде оларды арнайы жасақ бөгеді.

Үлескерлердің қолында шар, «құттықтаймыз», «несиелерімізді кешіріңіз» деген жазуы бар қағаздар болды.

«Біз бүгін сондай жақсы ниетпен келдік. Біріншіден, президентті туған күнімен құттықтағымыз келеді. Екіншіден, бізді аудиенция жасап, қабылдауын сұраймыз. Себебі, біздің проблемамыз әлі күнге дейін шешілген жоқ» деді наразы үлескерлер.

Олардың сөзіне қарағанда, үлескерлер мәселесі көтерілгелі бері елде олардың аз бөлігінің ғана мәселесі дұрыс жолға қойылған. Қайта қаржыландыру бағдарламасы іске қосылғанмен оның көмегі көптеген үлескерге жетпей жатыр деді олар.

Оқиға орнына Есіл аудандық әкімдігінің өкілі келіп, наразыларға шараның заңсыз екенін ескертті. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің басқарма бастығы Госман Жакин де «ескерту жасалды, тараңыздар» деді. Үлескерлер тараудан бас тартқаннан кейін полиция өкілдері оларға «президент әкімшілігіне апарып, әкімшілік өкілдерімен кездестіруге тырысайын» деп алып кетті.

Олар кеткен соң Ақордаға баратын баспалдақтардың бәріне турникет қойып, жолды жауып тастады.

Қазақстанда ипотекалық кредитті қайта қаржыландыру бағдарламасы 2015 жылдың сәуірінде іске қосылды. Бағдарламаның бірінші бөлігі 2004 жылдан бастап 2009 жылға дейін ипотека алған және баспанасы жоқ тұрғындарды қолдауы тиіс. Оны жүзеге асыру үшін 130 млрд теңге бөлінген. Былтыр ресми БАҚ қайта қаржыландыру бағдарламасына түзетулер енгізіліп, оған сәйкес тұрмысы нашар отбасыларға, мүгедектігі бар адамдарға қаржылай қолдау көрсетілетінін жазған. Бұған қоса, кейбір банктердің балансына өткен жылжымайтын мүліктердің қарыз иелеріне қайтарылатыны хабарланды.

Ресми мәлімет бойынша, қарызды қайта қаржыландыру туралы 34 мыңнан астам өтініш келіп түскен, 28 мыңнан астамы мақұлданған. 27 мыңнан астам қарызды қайта қаржыландыру үшін 161,8 млрд теңге жұмсалған.

Бұған дейін «қайта қаржыландыру бағдарламасына ілінген» кейбір үлескерлер несиесінің жартысынан астамын өтесе де, қайта қаржыландыру кезінде қарызының еселеп артқанын айтып, шағымданған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »