Новости на Newstaraz.

Прокуратура: Қостанай облысында қазақстандықтарды Украинадағы соғысқа тартуға тырысқан

newstaraz.kz

Қостанай облысында жергілікті халықты Украинадағы соғысқа тартқан, Ресей жағында соғысуға үгіттеген. Бұл жөнінде Қостанай облыстық прокуратурасына сүйенген жергілікті БАҚ жазды. Прокуратура өкілдері өзге елдегі қақтығыстарға қатысқандарға Қазақстан Қылмыстық кодексінде жаза қарастырылғанын айтты.

«Кейінгі кезде әлеуметтік желіде Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс туралы материалдар (мақалалар, видеосюжеттер, жазбалар, комментарий) жарияланып жатыр. Кейбірінде Қазақстан азаматтарын соғысқа шақыру, ұлттық алауыздық қоздыру, ұлттың намысына тию, екі жақ азаматтарының ар-намысын таптау сияқты жайттар кездеседі» деді прокуратура өкілдері.

Прокуратураның айтуынша, әлеуметтік желіде кейбір қолданушылар, арасында қазақстандықтар да бар, «Қазақстанның территориялық тұтастығына байланысты» сепаратистік үндеулер орналастырған. Оған қоса, облыс аумағында жергілікті халықты Украинадағы соғыста Ресей жағында соғысуға үгіттегені де анықталған.

Прокуратура бұған Конституцияда тыйым салғанын атап өтіп, қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертіп, азаматтарды мұндай арандатуларға ермеуге шақырған.

Бұған дейін Украинадағы соғыста екі жақта да соғысып жүрген қазақстандықтар бары айтылған. Бірақ олардың саны белгісіз. Биыл наурызда Семейде ресейлік «Вагнер» жалдамалы әскер тобының қатарында Украинадағы соғысқа қатысқан бір қазақстандық жерленгені белгілі болды. Оның алдында Донбаста соғысып, қаза болған қарағандылық туралы хабарланған.

Ресейде Орталық Азия мигранттары Украинаның басып алынған қалаларын қалпына келтіруге тартылып жатқаны да бұған дейін хабарланған. Былтыр желтоқсанда Мариупольдегі бұзылған үйлерді қалпына келтіруге жіберілген тәжік мигранттары айлық ала алмай жүргеніне шағымданған. Құқық қорғаушылар «Бұл елде соғыс жүріп жатыр. Егер олар тұтқынға түссе, Украина заңдары мен халықаралық нормалар бойынша жазаға тартылады» деп айтқан.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »