Новости на Newstaraz.

Ресеймен шекарада ұсталған қарақалпақ белсендісі 40 күнге қамалды

newstaraz.kz

Қазақстан мен Ресей шекарасында ұсталған қарақалпақ белсендісі Тілеубике Юлдашева Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық сотының 16 қараша күнгі қаулысымен тергеу изоляторына қамалды.

Мәртөк соты Юлдашеваны Ақтөбедегі изоляторға 40 күнге қамауға санкция берген. Бұл жөнінде Азаттыққа Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Сот белсендіні Қазақстан құқық қорғау органдары Өзбекстан билігінің сұрауымен ұстағанын растаған.

Соттың мәліметінше, қаулы 16 қараша күні кешке шыққан. Қаулы шыққан бойда Тілеубике Юлдашева Мәртөк ауданынан Ақтөбедегі тергеу изоляторына жеткізілген. Ақтөбе облыстық сотының айтуынша, Юлдашеваға өзбек билігі халықаралық іздеу жариялап, ұсталған жағдайда экстрадициялауды сұраған. Себебі, өз елінде оның үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Бүгін яғни, 17 қараша күні Адам құқықтары мен заңдылықтарды сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы жалдаған адвокат Расиля Өтегенова тергеу изоляторында болып, Юлдашевамен кездескен. Бұл туралы Азаттыққа бюроның Ақтөбе филиалы жетекшісі Ирина Гольцварт хабарлады.

— Біз сот санкциясымен келіспейміз, шағым түсіреміз. Одан бөлек Қазақстаннан пана іздеуші тұлғаларға берілетін куәлік алу үшін Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына өтініш бермекшіміз, — деді Ирина Гольцварт Азаттыққа телефонмен берген сұқбатында.

Азаттық тілшісі Юлдашеваның ұсталуына байланысты Қазақстанның құқық қорғау органдарынан жауап ала алмады.

Қарақалпақ белсендісі Тілеубике Юлдашева 13 қарашада Қазақстанның Ақтөбе облысы мен Ресейдің Орынбор облысы шекарасындағы «Жайсаң» бекетінде ұсталған. Қазақстан шекарашылары Юлдашеваны «сізге халықаралық іздеу жарияланған» деп Ресейге өткізбей қойған.

Бұған дейін елде қарақалпақтың төрт белсендісі Қошқарбай Төремұратов, Жангелді Жақсымбетов, Раиса Құдайбергенова мен Зиуар Мирманбетова ұсталған болатын. «Бұл азаматтардың басым көпшілігінен өзбек билігі шілде айының басындағы Қарақалпақстан оқиғасынан кейін «конституциялық құрылысқа нұқсан келтірмек болды» деп күдіктеніп отыр» деген еді Азаттыққа өткен аптада Адам құқықтары мен заңдылықтарды сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының өкілі Гүлмира Қуатбекова.

Халықаралық бюро өкілінің хабарлауынша, Тілеубике Юлдашева 2020 жылғы қаңтар айынан бері Қазақстанда тұрып жатқан. Өз елінде саяси себеппен қудалануы мүмкін болғандықтан Қазақстаннан пана сұраған. Бюро қарақалпақ белсендісіне жан-жақты құқықтық қолдау көрсетілетінін хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, құқық қорғаушы Тілеубике Юлдашева Қарақалпақстанда 2013-2014 жылдары қоғам белсендісі ретінде көзге түсе бастаған. «Өзбек билігінің қысымына қарамаcтан» Қарақалпақстан Республикасының тәуелсіздігін талап еткен акцияларды белсенді түрде қолдаған. Өзбек билігінен қысым көрген қарақалпақ белсенділерінің құқын қорғаған.

Осыған дейін Қазақстанда қарақалпақ белсенділерінің ұсталуына алаңдаған халықаралық Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы Қазақстанды қарақалпақ белсенділерін Өзбекстанға бермеуге үндеген. Ұйым Қазақстан билігіне халықаралық қауымдастық алдында алған міндеттемелерін еске салып, халықаралық құқыққа сәйкес кез келген адамды елінде қауіп күтіп тұрса, күшпен қайтаруға болмайтынын атап өтеді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »