Новости на Newstaraz.

Роскомнадзор қазақстандық сайттан ресейліктердің «арнайы операцияға» қатысты мақаласын алып тастауды талап етті

newstaraz.kz

Қазақстандық Ratel.kz сайты Роскомнадзордан ресейліктердің Украинадағы соғысқа қатысты пікірі жарияланған мақаланы алып тастау жөнінде хат алғанын хабарлады.

Ratel.kz сайтында 24 шілдеде «Ресейліктер Ресейдің Украинадағы соғысын қашанға дейін қолдайды» деген мақала жарияланған. Онда Путин үшін қоғамдық қолдау Украинадағы соғысты жалғастырудағы маңызды ресурс деген тезис бар. Мақала ВЦИОМ және «Левада-центр» орталығының зерттеулеріне сүйенген.

Ratel.kz редакциясының хабарлауынша, Ресейдің БАҚ-ты реттеуші мекемесі РФ Бас прокурорының талабына сүйенген. Ол «мақала азаматтардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне, қоғамдық тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіреді» деп атаған.

Ratel.kz Роскомнадзор жергілікті провайдерге сайтты бұғаттау жөнінде өтініш түсіргенін де айтады.

«Біз Қазақстанның мемлекеттік органдарынан ешқандай ескерту алмадық», — дейді Ratel.kz.

Сайттың бас редакторы Марат Асипов Ресейдің мемлекеттік органдарының бұл талабын «Қазақстанның ішкі ісіне араласу» деп біледі. Ол елдің сыртқы істер министрлігін бұл жағдайға мән беруін сұрады.

«Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Роскомнадзорға ел азаматтары қазақстандық заң аясында жүретінін ескертуі қажет. Бізге қазақстандық оқырман маңызды», — дейді Асипов.

Аталған мақала қазір Ratel.kz сайтында жарияланып тұр.

Сәуір айында Ресей қазақстандық Newtimes.kz сайтынан Украинадағы соғыс жайлы материалды алып тастауды талап еткен. Сайт «Ресей аудиториясын ақпараттан алыстатпау үшін» деген мақсатпан талапты орындаған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »