Новости на Newstaraz.

«Сайлауды қайта өткізу керек!» Өзін ұсынған кандидаттар дауыс беру нәтижесімен келіспейді

newstaraz.kz

Кезектен тыс сайлауға өз-өздерін ұсынып, мәжіліс пен мәслихатқа өтпей қалған кандидаттар дауыс беру кезінде заң бұзылғанын айтып, сайлау нәтижесімен келіспейтінін мәлімдеді.

Олар сайлау нәтижесін жойып, дауыс беруді қайта өткізуді талап етеді. Ал Ақорда мәжілістегі басым орынды биліктегі «Аманат» партиясы алған сайлауды «ауқымды өзгерістерді лайықты жалғасы» деп атады.

Сайлауға өз-өзін ұсынған оралдық журналист Лұқпан Ахмедьяровтың сенімді өкілдері және тәуелсіз бақылаушылар Оралдағы барлық учаскені қамтыған.

Jaria қоғамдық қорының бақылаушылары жинаған бюллетеньдер Ахмедьяров Орал қаласында 14 мың дауыс жинағанын, оның бас қарсыласы Абзал құспан 9 мыңдай дауыс алғанын көрсеткен.

ОСК бұл облыста бірмандатты округ бойынша Абзал Құспан жеңіске жетті деп мәлімдеді.

20 наурызда Алматыда бірнеше кандидат баспасөз мәслихатын өткізіп, дауыс беру нәтижесін мойындамайтынын мәлімдеді.

— Басты мәлімдемеміз — біз бұл сайлаудың қорытындысын мойындамаймыз, сайлауды қайта өткізуді талап етеміз. Күні бойы түрлі заңбұзушылық болды. Урнаны жапты, үкімет бюджет қызметкерлерінен өзі таңдаған адамдарға дауыс беруді сұрап, фотоесеп жіберткізіп жатты. Ең сорақысы – дауыс санау кезінде басталды. Менің бақылаушыларымды дауыс санауға қатыстырмас үшін шығарып тастап отырды, полиция шақырды, қорқытты, — деді мәжіліске кандидат болған журналист әрі белсенді Инга Иманбай (Қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп айыпталған оппозициялық белсенді Жанболат Мамайдың әйелі, құқық қорғаушылар Мамайға қозғалған істің саяси астары бар деп санайды).

Тағы бір кандидат Мұхтар Тайжан дауыс санау ашық болмады, бақылаушыларды дауыс санау кезінде қуып шықты деп мәлімдеді.

Тайжан және мәжіліс сайлауына түскен тағы бір кандидат Санжар Боқаев 19 наурызда сайлауды заңсыз деп тануды сұрап, Алматы әкімшілік сотына шағым түсірген.

Мәжіліске 98 депутаттың 29-ы бірмандатты округ арқылы өтті. Бірмандатты 29 орынға өзін-өзі ұсынғандар мен партиялардың үміткерлері таласып, ресми қорытынды бойынша 23 мандатты Тоқаевтың саясатын қолдайтын биліктегі «Аманат» партиясының мүшелері алды.

Қалған 69 орын партиялық тізім бойынша бөлінбек. Басым орынды ОСК нәтижесі бойынша 54 пайыз дауыс алған «Аманат» партиясы иеленбек. Бұрынғы мәжілісте болған билікшіл «Ақ жол», Қазақстанның халық партиясы (коммунистер) да парламентке өтті. Ал «Ауыл», ЖСДП және жаңадан құрылған «Республика» партиясы мәжілістен алғаш рет мандат алды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »