Шымкент: Полиция қызметкерлері оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді
Ағымдағы жылдың 25-қараша мен 10-желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық іс-шарасы өткізілуде.
Осы ретте Абай ауданы Полиция басқармасы Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары полиция подполковнигі Айнұр Қарабаева мен полиция майоры Гулвира Бектемисова №53 жалпы орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында балаларға отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы олардың заңды құқықтары бойынша түсіндірілді.
Полиция қызметкері оқушыларға мұндай жағдайларда олар әрдайым мектеп психологына, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға жүгіне алатындығын еске салды.
«Қазақстан Республикасы заңдарымен кепілдік беретін әйелдердің конституциялық құқықтары және отбасында кездесіп тұратын әйелдер мен балалар мәселелерін реттейтін заңдылықтардың бұзылуына жол бермеу туралы түсіндірілді», – деді полиция подполковнигі А. Қарабаева.
Сөз соңында оқушылар арнайы мамандарға сауалдарын жолдап, өзара пікір алмасты.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
newstaraz.kz