Новости на Newstaraz.

Түркиядағы үйінді астынан қазақстандық Әділ Қадырбековтің денесі табылды

newstaraz.kz

Түркияның Хатай провинциясындағы үйінді астынан Қазақстан азаматы Әділ Қадырбековтің денесі табылды. Ол зілзала болған сәтте қаза тапқан.

Қазақстандық құтқарушылар жергілікті әріптестерімен бірге Түркиядағы зілзаладан бері хабарсыз кеткен Қазақстанның екі азаматын іздеп жатқан еді. Жоғалған екінші қазақстандық – Мирболат Құрмашев туралы әзірше ақпарат жоқ.

Хатайдағы қираған алты қабатты ғимараттың орнынан Қазақстан азаматының денесі табылғанын Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі де растады. Қазақстан сыртқы істер министрлігі табылған мәйіт Әділ Қадырбековтікі екенін хабарлады.

«Сыртқы істер министрлігі қаза тапқан азаматтың мәйітін елге жеткізуге бар күшін салады» деді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне қарағанда, қиранды орнында құтқару жұмысы әлі жалғасып жатыр.

«Іздеу жүріп жатқан жер – толық қираған алты қабатты үй, қиранды аумағы – 18 мың текше метр. Үйіндінің көптігі, құрылғылардың тұрақсыздығы жұмысқа кедергі келтіріп жатыр» деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

Осы үйінді арасынан 9 ақпанда Түркияның екі азаматының денесі шыққан. Туыстары олардың бірі Құбылай Кескін есімді азамат екенін растады.

Үйінді астында жатыр деген Мирболат Құрмашевтың оқиға орнында жүрген бауыры Алмат Құрмашев Telegram-арнасында «Мирусты іздеп жатырмыз» деп жазып, үйіндінің суретін салды.

Бұдан бұрын құтқарушылар қираған үй астынан қазақстандық Сабина Мамадиярованы тірі алып шыққан.

6 ақпанда таңертең Түркияның оңтүстігінде болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны сағат сайын артып барады. Кейінгі мәліметке қарағанда, Түркия мен Сирияда 19 мыңнан астам адам опат болған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »