Новости на Newstaraz.

Талғар тұрғындары 3 млрд теңгеге салынған жаңа мектептің жағдайына наразы

newstaraz.kz

Алматы маңындағы Талғар қаласының тұрғындары 1200 орындық жаңа мектептің сапасына наразы. Олардың сөзіне қарағанда, жаңа нысанды салуға 3 млрд теңге (6,2 млн доллар) жұмсалған, бірақ ғимараттың шатырынан қазірдің өзінде су өтіп жатыр.

Тұрғындардың айтуынша, мектептің қабырғалары үгітіліп, төбесі ылғалдан жарылып кеткен. Ал дәретхана далада тұр.

Инстаграмдағы kris_p_talgar парақшасында жарияланған суретте ғимараттың төбесі мен қабырғаларында сызат пайда болғаны, ылғалданып тұрғаны көрінеді. Тұрғындар нысан ішінде дәретхана жоқтығына, балалар ойын алаңының дұрыс құйылмағанына да наразы.

«Бұл мектепте әлі ешкім оқыған жоқ, жағдайы міне, мынадай» деді тұрғындар.

Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел 15 тамызда ақпарат құралдарына берген сұхбатында ғимараттың бір ай бұрын қатты жаңбырдың салдарынан «бүлінгенін» айтқан. Әкімдік өкілдері мердігер компания мектептегі кемшілікті 18 тамызға дейін «жоятынын» айтты. Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, жағдайды Алматы облысы әкімдігі «бақылауда ұстап отыр».

Дәретхана туралы сұраққа Жүкел дәретханалар «мектеп іші мен сыртында да қарастырылған» деді.

Ulysmedia порталының жазуынша, ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектеп құрылысына байланысты әкімдікке ескерту жасаған. Министр мектеп құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзіміне «сын-ескертпелер көп» деді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »