Новости на Newstaraz.

Тергеу кезіндегі кісі өліміне байланысты Шымкенттің үш полицейі 2 айға қамалды

newstaraz.kz

Шымкент қалалық тергеу соты қалалық полиция тергеу кезінде Нұрболат Жұмабаевтың қаза болуына байланысты күдікті ретінде ұсталған үш полицейді 2 айға қамау туралы санкция шығарды.

Нұрболат Жұмабаевтың әкесі Ерқара Жұмабаевтың адвокаты Талғат Есімовтің сөзінше, қалалық тергеу соты қаулыны 12 желтоқсанда түстен кейін шығарған.

Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен күдікті ретінде танылған қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы басшысының орынбасарлары полковник Уәлихан Жәнібеков пен подполковник Дәулет Әймешов және Қаратау аудандық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің басшысы подполковник Дінмұхаммед Исаев 2 айға қамауға алынған.

— Тергеу жалғасып жатыр. Әрі қарай нақтыланса, оқиғаға қатысқан басқа да полицейлерді қамауға алуды сұраймыз, — дейді адвокат.

Істі тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков қараған. Тергеу сотының кеңсесі қаулы шыққанын растағанымен, тергеу амалдарына байланысты өзге ақпарат бермеді.

Күдіктілердің қаулымен келісетіні, не келіспейтіні жөнінде ақпарат алу мүмкін болмады.

Нұрболат Жұмабаев 8 желтоқсанда Шымкент қалалық полиция департаментіндегі тергеу кезінде қайтыс болған. Марқұмның туыстары оны «полиция ұрып өлтірді» деп санайды.

Алғашында полиция «жауап алу барысында өзін нашар сезініп, қайтыс болды» дегенімен, 11 желтоқсанда департамент басшысы Ералы Жұмаханбетов күш қолданылғанын растап, мәлімдеме жасады.

«Ұстау және жеткізу кезінде полиция қызметкерлері күш қолданған. Осы факті бойынша жүргізілген қызметтік тергеумен ұстауға қатысқан қызметкерлер және олардың іс-әрекеттеріне бақылауды қамтамасыз етпеген басшылары ішкі істер органдарынан шығарылды» делінген мәлімдемеде.

Нұрболат Жұмабаев 11 желтоқсанда туған жері Қостанай қаласында жерленді.

Жұмабаевты полиция серігі Сергей Петровпен бірге департамент ғимаратына қаладағы ұрланған бірнеше көлікке қатысы бар күдікті ретінде жеткізген. Петров бұған дейін ақпарат құралдарына Жұмабаев пен өзін полицейлердің ұрып-соққанын айтқан.

Жұмабаевтың туыстарының Азаттыққа жіберген медициналық сараптама қорытындысында марқұмның қайтыс болуына үш жайт — «шок», «ұйқы безіне қан кету» және «ішінен алған жарақат» әсер етуі мүмкін деп көрсетілген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »